27.05.2013, 13:24 3859

Ливан Израильге шабуыл жасады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 26-нен 27 мамырға қараған түні Оңтүстік Ливаннан келген белгісіз жауангерлер Израиль аумағына, дәлірек айтсақ шекарадан алты шақырым жердегі Марджаюн қаласының маңына зымыран ұшырды. Зардап шеккендер мен келтірілген залал туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Астана. 27-мамыр. Kazakhstan Today - Ливан Израильге шабуыл жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 26-нен 27 мамырға қараған түні Оңтүстік Ливаннан келген белгісіз жауангерлер Израиль аумағына, дәлірек айтсақ шекарадан алты шақырым жердегі Марджаюн қаласының маңына зымыран ұшырды. Зардап шеккендер мен келтірілген залал туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Болған оқиғаны тергеу үшін Марджаюн ауданына ливандық әскерилер мен БҰҰ бітімгерлері келді.

26 мамыр күні таңертең екі "Град" зымыраны оңтүстік Бейрутке қарай жіберілді. Зымырандар Ливан астанасының оңтүстігіндегі Шиях шейіт-христиан кварталында жарылды. Жарылыс салдарынан бес адам зардап шекті.

Бір апта бұрын Израиль Ливанмен арадағы шекарада барлау мақсатында ұшуларды жиілеткен болатын. Жергілікті БАҚ бұны "Хезболлах" тобының Израильге қарсы әскери акцияларды бастау қаупімен байланыстырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны