22.07.2013, 13:46 2789

Мексикада мұнай құбыры жарылысынан 6 адам зардап шекті

Мексиканың Мехико штатындағы Petroleos Mexicanos (Pemex) кәсіпорына тиесілі мұнай құбыры жарылды. Жарылыс салдарынан алты адам зардап шеккен. Бұл туралы ресейдің РБК агенттігі Би-би-си-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астана. 22-шілде. Kazakhstan Today - Мексикада мұнай құбыры жарылысынан 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мексиканың Мехико штатындағы Petroleos Mexicanos (Pemex) кәсіпорына тиесілі мұнай құбыры жарылды. Жарылыс салдарынан алты адам зардап шеккен. Бұл туралы ресейдің РБК агенттігі Би-би-си-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мұнай өңдеуші компания жарылысқа заңсыз мұнай ұрламақ болғандардың себеп болды деп мәлімдеді.

Мұнай зауыты өндіріс аймағында болғандықтан жарылыс кезінде өрт тұрғын үйлерге қауіп төндірмеген. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілмеген. Өйткені Мехико штатының губернаторы Эрувьель Авил апат тұрғындарға қауіп төндірмейді деп жариялаған болатын.

Petroleos Mexicanos қазір апат салдарынан келген материалдық шығынды санап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Petroleos Mexicanos - Мексиканың мемлекеттік мұнай копаниясы. 1,2 млрд баррель мұнай және 51 млрд куб. м газ өндіреді. Жылдық табымы 86,2 млрд доллар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны