11.06.2013, 10:46 2752

Мумбайдың орталығында көпқабатты тұрғын үй құлады

Нақты қанша адам қаза болғаны әзірге белгісіз. Қазір төтенше жағдайдың себептері анықталуда. Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, 9-шы маусымда үндістанның экономикалық астанасында болған нөсер жауын ғимараттың қирауына себеп болуы мүмкін.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Мумбайдың орталығында көпқабатты тұрғын үй құлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, куәгерлердің сөзіне қарағанда, ғимаратта 20 шақты адам болған, олардың көпшілігі балалар мен зейнеткерлер.

Нақты қанша адам қаза болғаны әзірге белгісіз. Қазір төтенше жағдайдың себептері анықталуда. Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, 9-шы маусымда үндістанның экономикалық астанасында болған нөсер жауын ғимараттың қирауына себеп болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны