13.08.2013, 09:37 122277

Нигерияда мешітке шабуыл жасалып, 44 адам қаза тапты

Нигерия үкіметінің хабарлауынша, елдің солтүстік-шығысындағы Кондуга қаласында бір топ қарулы адам мешітке басып кіріп, 44 адамды атып тастады

Алматы. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Нигерия үкіметінің хабарлауынша, елдің солтүстік-шығысындағы Кондуга қаласында бір топ қарулы адам мешітке басып кіріп, 44 адамды атып тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Билік шабуылды "Боко-Харам" экстремистік тобының мүшелері жасады деп күдіктенеді.

Үкімет "бұл шабуыл - қоғамдық тәртіпті қорғаумен айналысатын азаматтық топтың құрылуына қарсы исламшылдардың реакциясы" деп бағалайды. Азаматтық топ Нигерия әскерилерінің елде 2009 жылдан бері партизандық әрекет етіп келе жатқан экстремистерге қарсы тұруына көмектесу үшін құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны