12.07.2013, 10:04 2585

Нью-Йорктің қытай кварталында химиялық затқа толы баллондар жарылды

Нью-Йоркте жергілікті уақыт бойынша сағат 12:45-те жарылыс болды, деп хабарлады Newsru.com.

Астана. 12-шілде. Kazakhstan Today - Нью-Йорктің қытай кварталында химиялық затқа толы баллондар жарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нью-Йоркте жергілікті уақыт бойынша сағат 12:45-те жарылыс болды, деп хабарлады Newsru.com.

Өртке жәндіктерге қарсы химиялық затқа толы аэрозоль баллондарының жарылысы себеп болды. Бұл туралы журналистерге мегаполис полициясының өкілдері хабарлады.

Олардың айтуынша, жарылыс бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесін залалсыздандыру кезінде болды. Бұдан кейін ғимаратта өрт басталып, ол жедел түрде сөндірілді. Полиция хабарлағандай, өрттен барлығы сегіз адам зардап шекті. Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген үш адамның халі нашар.

Бұнымен қатар, өртті сөндіру кезінде екі өрт сөндіруші жарақат алды.

Болған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. ТЖ-нің басты себебі жұмыстарды жүргізу барысында қауіпсіздік техникасының сақталмауы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны