12.08.2013, 10:50 123722

Норвегия Премьері халыққа не керек екенін білу үшін такси жүргізіп көрді

Норвегия Премьер-министрі Йенс Столтенберг сайлаушыларымен жасырын түрде пікір алмасып, халыққа не керек екенін білу үшін Ослода бір күн бойы такси жүргізген

Алматы. 12-тамыз. Kazakhstan Today - Норвегия Премьер-министрі Йенс Столтенберг сайлаушыларымен жасырын түрде пікір алмасып, халыққа не керек екенін білу үшін Ослода бір күн бойы такси жүргізген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Newsru.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Столтенберг қарапайым тұрмыс кешетін сайлаушылардың әділ пікірін тыңдағысы келгенін мойындады. "Адамдар не ойлайтынын ашық айтатын жер болса, ол - такси", - деп премьердің сөзінен үзінді келтіреді БАҚ. Столтенберг жұмысқа түсерден бұрын күннен қорғайтын көзілдірік пен такси жүргізушісінің формасын киіп алыпты.

Дегенмен жолаушылар ол такси жүргізушісіне қарағанда ел премьер-министріне қатты ұқсайтынын айтқан. Жүргізушілік қабілетін сынға алғандар да болыпты. "Сайлауда сәтсіздікке ұшырасаңыз кәсібіңізді ауыстырасыз ба?" - деген сұраққа Премьер: "Норвегия тұрғындары мен такси жолаушылары үшін жүргізуші емес, премьер-министр ретінде қалғаным тиімді болар еді", - деп жауап берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны