24.05.2013, 10:33 5020

Охот теңізіндегі жер сілкінісі Қазақстанның бірнеше қалаларында да сезілген

"Мәскеуде нақ осы жер сілкінісінің жаңғырығы сезілуі мүмкін. Оның тереңдігі 600 шақырымда болды және өте үлкен аумаққа таралды. Оны Красноярскіде, Благовещенскіде, Қиыр Шығыс пен Сібірдің барлық аумағында сезді. Ол едәуір тереңдікте әрі қуаты күшті болғандықтан үлкен аумақты қамтыды", - деді агенттік сұхбаттасушысы.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Охот теңізіндегі жер сілкінісінің жаңғырығы Мәскеуге де жетті, деп хабарлады ресейлік "Жаңалықтар" агенттігіне РҒА геофизикалық қызметінің кезекшісі.

"Мәскеуде нақ осы жер сілкінісінің жаңғырығы сезілуі мүмкін. Оның тереңдігі 600 шақырымда болды және өте үлкен аумаққа таралды. Оны Красноярскіде, Благовещенскіде, Қиыр Шығыс пен Сібірдің барлық аумағында сезді. Ол едәуір тереңдікте әрі қуаты күшті болғандықтан үлкен аумақты қамтыды", - деді агенттік сұхбаттасушысы.

Тербелісі 7,5 жел сілкінісі Петропавл-Камчатскіде жұма күні болды, магнитудасы 8,2 зілзала кіндігі Охот теңізінде орналасқан. Жерасты дүмпуі Камчаткада бес минут бойы сезіліп тұрды. Петропавл-Камчатскідегі тұрғындардың үйлерінде жиһаздар шайқалды, көптеген адамдар үйлерінен сыртқа қашып шықты. Мектептерде мұғалімдер балаларды сыртқы шығарды. ТЖМ-ның соңғы мәліметтері бойынша цунами қаупі жоқ, зардап шеккендер және қиратулар да болған жоқ.

Бұдан бұрын ғалымдар Камчаткада күшті жер сілкінісі болуы ықтимал екенін айтқан болатын. РҒА Жер физикасы институтының қызметкері Алексей Завьялов Камчатка ауданында сейсмикалық оқиғалар жиі болып тұратынын мәлімдеді.

Астана тұрғындары орталық ғимараттарда, астананың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында жерасты дүмпулерін байқаған. "Біз жер сілкінісін Малая Дмитровка көшесіндегі кеңсемізде сездік. Аспалы шамдар шайқалып, жер қозғалып бара жатқандай болды. Ұйымдасқан түрде сыртқа шықтық", - деді "Жаңалықтар" агентігіне "РусГидро" өкілі.

"Таганская метросының қасындағы біздің кеңсемізде жер сілкінісі сезілді. Кеңседегі жиһаздар қозғалып, аспалы шамдар шайқалды. Көшеге шыққан жоқпыз", - деп хабарлады ресейлік ірі компания өкілі.

Кейбір ғимараттардағы адамдар көшірілді. Мәселен, Лесная көшесіндегі тұрғын үйден 150 адам сыртқа шығарылды. Ресей Ғылым академиясы география институтының директоры Аркадий Тишковтың айтуынша, Мәскеу шын мәнінде әртүрлі жер сілкіністерінің жаңғырығы аймағында, бірақ ол қауіпті емес.

РФ ТЖМ мәскеуліктерге ешқандай қауіп жоқ екеніне сендіруде. "Мәскеудегі жерасты дүмпулері - Охот теңізіндегі жер сілкінісінің салдары. Адамдарға қауіп жоқ", - деді РФ ТЖМ ақпарат басқармасының жетекшісі Олег Воронов "Жаңалықтар" агенттігіне.

"Мәскеу-Сити" іскерлік орталығы да қауіпсіз. Осы кешенді басқару компаниясының өкілі Андрей Лукьянов "барлығы да қалыпты, барлық ғимараттар сейсмикалық белсенділік ескеріліп жобаланған, барлығы да нормативке сай", - деп хабарлады ресейлік "Жаңалықтар" агенттігіне.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны