24.06.2013, 09:50 2563

Пәкістанда 10 шетелдік туристі өлтіріп кетті

Пәкістанның солтүстігінде Гилгит-Балтистан провинциясында содырлар 10 шетелдік туристі атып кетті, деп хабарлады Reuters агенттігі провинция полициясының басшысына сілтеме жасап.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today - Пәкістанда 10 шетелдік туристі өлтіріп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Пәкістанның солтүстігінде Гилгит-Балтистан провинциясында содырлар 10 шетелдік туристі атып кетті, деп хабарлады Reuters агенттігі провинция полициясының басшысына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органы өкілінің айтуынша, содырлар қонақүйге баса-көктей кіріп, алдынан шыққан адамдарға оқ жаудырған. Қаза болғандардың азаматтығы әзірге белгісіз. Бейресми деректерге сүйенсек, зардап шеккендердің ішінде ресейліктер де бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны