09.08.2013, 10:39 5926

Палестина-Израиль келіссөздері 14 тамызда жалғасады

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джен Псаки келіссөздердің тағы бір раунды Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Иерихон қаласында өтетінін айтты. Бірақ оның нақты қай уақытта болатыны әзірге белгісіз.

Алматы. 9-тамыз. Kazakhstan Today -"Израиль мен Палестина делегациялары арасында жүріп жатқан тікелей келіссөздердің келесі кезеңі 14 тамызда Иерусалимде өтеді", деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джен Псаки келіссөздердің тағы бір раунды Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Иерихон қаласында өтетінін айтты. Бірақ оның нақты қай уақытта болатыны әзірге белгісіз.

Псаки Иерусалимдегі келіссөздерге АҚШ-тың арнайы өкілі Мартин Индик те қатысатынын айтты.

Израиль мен Палестина өткен аптада, үш жыл үзілістен соң, келіссөздерді Вашингтон қаласында қайта бастаған еді. Вашингтондағы бұл кездесулерге Мемлекеттік хатшы Джон Керри қатысты. Бірақ 14 тамызда Иерусалимде басталатын келіссөздерге ол бармайды.

Псаки Израильдің Палестинамен арадағы даулы территорияға жаңадан 800 үй салу туралы жоспарына қатысты Ақ Үйдің пікірін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, "АҚШ Израильдің елді мекендердің аумағын кеңейту әрекетін заңсыз деп таниды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны