24.07.2013, 12:38 2877

Пенлопа Крус қызды болды

Испандық актриса мен актер Хавьера Бардемнің қызы дүйсенбі күні Мадрид клиникаларының бірінде дүниеге келді.

Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - Бала көтергенін ұзақ уақыт бойы жасырып келген Голлливуд жұлдызы Пенелопа Крус пен күйеуі Хавьер Бардем екінші рет балалы болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Испандық актриса мен актер Хавьера Бардемнің қызы дүйсенбі күні Мадрид клиникаларының бірінде дүниеге келді.

Крус пен Бардемнің қосылғанына 5 жыл толды, ал 2010 жылы олар некесін қиған болатын. 2011 жылы отбасында бірінші бала - Лео Энкинас Бардем атты ұл пайда болған. Осы бір қуанышты күні баланың әкесі "Үздік актер" категориясы бойынша "Оскар" сыйлығын иеленген.

Крус пен Хвьер өміріндегі маңызды оқиғаларды жария еткісі келмейді. Жұп өздерінің қарым-қатынастарын барынша жасырып келген болатын. Ал тұғышы дүниеге келісімен оны журналисттердің назарынан аластауға тырысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны