20.06.2013, 10:37 2715

Перуде автобус өзенге құлап кетіп, 30 адам көз жұмды

Соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 30 адам көз жұмған, тағы 9-ы із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 52 адам болған.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Перуде автобус өзенге құлап кетіп, 30 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, апат жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 05:50-де болған.

Соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 30 адам көз жұмған, тағы 9-ы із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 52 адам болған.

Сонымен қатар, құтқарушылардың сөзіне қарағанда, 15 жолаушы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Суға батып кеткен автобустың жолаушыларын бірнеше құтқару бригадасы іздестіруде. "Біз 30 адамды таптық, іздеу жұмыстарын жалғастырудамыз", - деп мәлімдеді жергілікті полиция бөлімінің басшысы Родорика Кубас.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға ұйықтап кеткен автобус жүргізушісінің кінәсінен болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны