24.06.2013, 10:42 2688

Рей Захаб Гоби шөлін жүгіріп өтпек

Канадалық желаяқ Рей Захаб өзінің тайвандық серіктесі Кевин Линмен бірге 2,3 мың шақырымға созылып жатқан Азияның ірі шөлді аймағы - Гобиді 35 күннің ішінде бағындыруды көздеп отыр, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today - Рей Захаб Гоби шөлін жүгіріп өтпек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Канадалық желаяқ Рей Захаб өзінің тайвандық серіктесі Кевин Линмен бірге 2,3 мың шақырымға созылып жатқан Азияның ірі шөлді аймағы - Гобиді 35 күннің ішінде бағындыруды көздеп отыр, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Жексенбі күні желаяқтар шөлдің Моңғолиядағы солтүстік-шығыс шетінен көптен күткен сапарларына аттанды.

"Сахарадан өткен соң бізді ең ауыр жол күтіп тұр деген ойдамын, - деп атап өтті 44 жастағы атлет. - Өз басым жүгіргеннен ләззат аламын, оның маған керек екенін сеземін. Сонымен қатар, өзгелерге, әсіресе жастарға өз өмірінде қандай да бір таңқаларлық нәрсе істеуге болатынын көрсеткім келеді".

Желаяқтар тәулігіне 70-80 шақырым жолды басып өтуді жоспарлауда, жолда олар Қытай шекарасын қиып өтпек. Ирқайсы аздаған тамақ қорын, 6 литр су, компас, карта, iPhone және бейнекамера алып жүреді. Күніне бір немесе екі рет олар автокөлікпен жүретін қолдау тобымен кездесіп, азық қорын толықтырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны