14.08.2013, 12:37 126023

Ресей мен Изербайжан ірі мұнай-газ келісімін жасасты

Құжатқа Ресей президенті Владимир Путиннің Изербайжанға ресми сапары барысында қол қойылды. Екі ел президенттері Баку қаласында, 13 тамыз күні кездесті.

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Ресейлік "Роснефть" компаниясы мен Изербайжанның мемлекеттік энергетикалық SOCAR компаниясы мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнату туралы ірі келісім жасасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құжатқа Ресей президенті Владимир Путиннің Изербайжанға ресми сапары барысында қол қойылды. Екі ел президенттері Баку қаласында, 13 тамыз күні кездесті.

Екі тарап та келісім-шарт туралы егжей-тегжейлі ақпарат таратқан жоқ. "Жаңа келісім Ресейдің Изербайжан нарығына дендей кіруіне мүмкіндік береді" деген болжамдар ғана бар.

Еуропа Одағы көмірсутегі шикізатына бай Изербайжанды Ресей газына тәуелділікті әлсіретудің баламасы санайды. Соңғы жылдары Ресей газының бағасына қатысты Мәскеу мен Киев (Украина) арасындағы даулар Кремльдің Еуропаға газ экспорттауына кедергілер келтіріп отыр.

Ильхам Илиевтің айтуынша, "Ресеймен жасалған келісім-шарт энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны