22.05.2013, 15:36 4561

РФ ІІМ Иблязовтың қатысуымен 2,5 млрд рубльді жымқыру бойынша істі тергеуді аяқтады

Бұл іс бойынша "Дело" лизингтік компаниясының бұрынғы тең иесі Дмитрий Пак пен аталмыш ұйымның бұрынғы бас директоры Олег Царев алаяқтық жасап, ақша жымқырған, деп хабарлады Интерфакс министрліктің баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - РФ ІІМ Иблязовтың қатысуымен 2,5 млрд рубльді жымқыру бойынша істі алдын ала тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл іс бойынша "Дело" лизингтік компаниясының бұрынғы тең иесі Дмитрий Пак пен аталмыш ұйымның бұрынғы бас директоры Олег Царев алаяқтық жасап, ақша жымқырған, деп хабарлады Интерфакс министрліктің баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз орталығының хабарлауынша, ІІМ-нің тергеу департаменті бұл іс бойынша алдын ала тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында қазақстандық БТА Банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Иблязовтың Австрияда тіркелген ZRL бақылау компаниясы арқылы Д.Пакпен бірге "Дело" лизингтік компаниясы" ЖШҚ иелері болғаны анықталды. Бұл банк 2005-2008 жылдар аралығында компанияның 70 несие келісім шарттары негізінде 2,5 млрд рубльден аса несие берген.

2008 жылдың соңында М.Иблязов өзінің қызметінен кететінін естіп, лизингтік компания алған несиені қайтармаған. Ол қылмысты Д.Пак және О.Царевпен бірігіп жасаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны