24.05.2013, 15:49 3660

Рио-де-Жанейроның маңында мұнай қоймасы өртенді

"Билік өкілдері ТЖ орнынан бірнеше шақырым жерде орналасқан екі аудан тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады. Тілсіз жаумен күреске Рио-де-Жанейро қаласының барлық өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Құтқарушылар бірнеше сағат бұрын ғана өртті сөндірді", - делінген ақпаратта.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Рио-де-Жанейроның маңында мұнай қоймасы өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Рио-де-Жанейроның маңында мұнай қоймасы өртеніп, ішінде отыны бар бірнеше резервуар отқа оранды.

"Билік өкілдері ТЖ орнынан бірнеше шақырым жерде орналасқан екі аудан тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады. Тілсіз жаумен күреске Рио-де-Жанейро қаласының барлық өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Құтқарушылар бірнеше сағат бұрын ғана өртті сөндірді", - делінген ақпаратта.

Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны