24.06.2013, 11:59 2455

Сауд Арабиясында демалыс күндері жұма мен сенбіге ауыстырылды

Сауд Арабиясының билігі демалыстарды жұма мен сенбіге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today - Сауд Арабиясында демалыс күндері жұма мен сенбіге ауыстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сауд Арабиясының билігі демалыстарды жұма мен сенбіге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Осы күнге дейін корольдіктің жұмыс аптасы сенбіден басталып сәрсенбіге дейін созылатын, деп жазады Би-Би-Си.

Биліктің аталмыш шешімін Сауд Арабиясының кәсіпкерлері қолдап отыр. Олардың айтуларынша, елдің экономикасына демалыстың ауыстырылуы оң әсер етеді.

Алайда корольдің шешімін сынға алған консерваторлардың байламынша, бұл мемлекетті батыстандырудың кезекті қадамы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны