30.07.2013, 11:06 2811

Швейцарияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 40-тан астам адам жарақат алды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Швейцарияда екі жолаушылар пойызы бетпе-бет соқтығысып, 40-тан астам адам жарақат алды, төртеуінің халі нашар.

Астана. 30-шілде. Kazakhstan Today - Швейцарияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 40-тан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Швейцарияда екі жолаушылар пойызы бетпе-бет соқтығысып, 40-тан астам адам жарақат алды, төртеуінің халі нашар.

Апат 29 шілде, дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:00-де Гранж-пре-Марнан шағын қаласы вокзалының жанында орын алды.

Sky News телеарнасының жергілікті дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, зардап шеккендер саны 44-ке жетіп отыр.

Қазіргі таңда ТЖ орнында құтқарушылар, өрт сөндірушілер және полиция жұмыс істеуде.

Еске сала кетсек, соңғы аптада пойыздар Испанияда да соқтығысты. 25 шілде күні жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, вагондар аударылды. Қазіргі таңда апат құрбандарының саны 79 адамға жетіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны