15.07.2013, 11:12 2779

Сирия мен Ливан шекарасында бір топ жанкешті құрықталды

Ливан әскері елдің солтүстігінде, әсіресе Сириямен шекаралас аудандарда белсенді түрде әрекет етуде. Жексенбі күні бұнда әскери қызметкерлер бір топ жалдамалы жауынгерді құрықтады, деп хабарлады ВЕСТИ.

Астана. 15-шілде. Kazakhstan Today - Сирия мен Ливан шекарасында бір топ жанкешті құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ливан әскері елдің солтүстігінде, әсіресе Сириямен шекаралас аудандарда белсенді түрде әрекет етуде. Жексенбі күні бұнда әскери қызметкерлер бір топ жалдамалы жауынгерді құрықтады, деп хабарлады ВЕСТИ.

Искерилер содырлардың қаруы тиелген пикапты Эрсаль қаласының маңында тоқтатты. Машинаны тексеру кезінде түрлі қару-жарақ, гранаталар, жарылғыш заттар мен оларға арналған дистанциялық құрылғылар табылды.

Бірқатар ливандық БАҚ-тың хабарлауынша, құрықталғандар "Джебхат ан-Нусра" экстремистік тобының лаңкес-жанкештілері. Бес лаңкес Сирия оппозициясы жағында әрекет етеді. Құрықталған кезде олардың әрбіреуінде жарылғыш заттарға толы белбеу тағылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны