23.05.2013, 16:31 4767

Таиланд парламентіне екі метрлік кесіртке кіріп кеткен

Оны қауіпсіздік қызметі сыртқа шығара алмай, жақын маңдағы хайуанаттар бағының мамандары көмекке келген. Олар шатырдың және құбырдың бір бөлігін бұзуға мәжбүр болды. Содан кейін ғана кесіртке ұсталып, парламенттің қабырғасынан тысқа шығарылды. Оның ғимаратқа қалай кіріп кеткені белгісіз.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Таиланд парламентіне екі метрлік кесіртке кіріп кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тайланд парламентінің ғимараты шатырының астындағы вентиляциялық құбырдан екі метрлік кесірткі табылды.

Оны қауіпсіздік қызметі сыртқа шығара алмай, жақын маңдағы хайуанаттар бағының мамандары көмекке келген. Олар шатырдың және құбырдың бір бөлігін бұзуға мәжбүр болды. Содан кейін ғана кесіртке ұсталып, парламенттің қабырғасынан тысқа шығарылды. Оның ғимаратқа қалай кіріп кеткені белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны