06.06.2013, 16:37 2681

Түркияда шерушілер үкіметке жаңа талаптар қойды

Түркияда наразылық танытушылар үкіметтен Анкара, Стамбул және шерушілерді басып-жаныштаған басқа да қалалардың губернаторлары мен полиция басшыларын алып тастауды талап етіп жатыр.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Түркияда шерушілер үкіметке жаңа талаптар қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Түркияда наразылық танытушылар үкіметтен Анкара, Стамбул және шерушілерді басып-жаныштаған басқа да қалалардың губернаторлары мен полиция басшыларын алып тастауды талап етіп жатыр.

Наразылық танытушылар өкілдері сәрсенбіде Анкарада вице-премьер Бюлент Арынчпен кездескен. Шерушілер вице-премьерге үкіметке қойған талаптарын жеткізді. Кездесуде шерушілер ұсталған деомнстранттарды босатуды, полицияның көзден жас ағызатын газ қолдануын тоқтатуды талап етті.

Демонстранттар бұған қоса Таксим алаңындағы паркті қайта жасау жоспарынан түбегейлі бас тартуды да талап етіп отыр.

Өткен жұмада Стамбулда полиция Таксим алаңындағы паркке құрылыс жұмыстарын жүргізуге қарсылық танытқандарды күшпен басып-жаншыған еді. Полицияның бұл әрекеті Стамбул мен басқа да қалаларда жаппай наразылық шерулеріне ұласты. Анкарада шерушілер саяси талаптар қойып, премьер-министр Режеп Тайып Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап етті. Алтыншы күнге созылған наразылық шерулерінде екі адам қаза тапты, жүздеген адам жараланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны