17.06.2013, 10:08 2904

Ұлыбританияда өмірге келген бала белгісіз сырқатқа ұшыраған

Бірнеше аурудың белгілеріне шалдыққан Бриджендтегі Альфи Джонс дәрігерлердің басын қатырды: оның жүрегінде тесік бар, құлағы саңырау және көзі де нашар көреді. Дәрігерлер ауруға Альфи деген атау қойды, ғылыми тілде "хромосомалардың теңгерімсіз орналасуы" дегенді білдіреді, бұған дейін мұндай диагноз ешкімге қойылмаған.

Астана. 17-маусым. Kazakhstan Today - Ұлыбританияда өмірге келген бала белгісіз сырқатқа ұшыраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Уэльсте дәрігерлер әлі атауын да қоймаған белгісіз дертпен сырқаттанатын екі жасар бала тұрады, деп хабарлады Би-Би-Си.

Бірнеше аурудың белгілеріне шалдыққан Бриджендтегі Альфи Джонс дәрігерлердің басын қатырды: оның жүрегінде тесік бар, құлағы саңырау және көзі де нашар көреді. Дәрігерлер ауруға Альфи деген атау қойды, ғылыми тілде "хромосомалардың теңгерімсіз орналасуы" дегенді білдіреді, бұған дейін мұндай диагноз ешкімге қойылмаған.

Дәрігерлердің айтуынша бұл сырқат нөмірі 11-ші және 15-ші хромосомаларға әсер етеді. Альфидің қашан өздігінен жүретіні де белгісіз, оның туғанынан жамбасы шығып кеткен. Медициналық сарапшылар да баланың қанша өмір сүретінін тап басып айта алмайды. Бұған дейін де алты баласы бар ерлі-зайыптылар тағдыры қаншалықты күрделі болса да, баланың өмірге келгеніне қуанышты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны