14.08.2013, 11:47 124542

Үндістан ИТФ-нің сүңгуір қайығы Мумбаи жағалауында батып кетті

Мумбаидағы әскери базада өртеніп, суға батып кеткен сүңгуір қайықтың ішіндегі 18 адам сыртқа шыға алмай қалды

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Мумбаидағы әскери базада өртеніп, суға батып кеткен сүңгуір қайықтың ішіндегі 18 адам сыртқа шыға алмай қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі YTPO.ru интернет-басылымына сілтеме жасай отырып.

Белгісіз себептермен 14 тамыз күні таңертең Ресейде шығарылған Үндістанның сүңгуір қайығында өрт шықты, соның салдарынан қайық суға батып кетті. Бірнеше теңізші борттан секіріп, аман қалды, ал өрттен зардап шеккен бірнеше адам ауруханаға жеткізілді. Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, куәгерлер өрттің алдында жарылысқа ұқсас дыбысты естігендерін айтты. Қазіргі таңда оқиға орнында құтқарушылар командалары жұмыс істеуде. Апат себептері анықталуда. Бұл қайықтың жақында күрделі жөндеуден өткені белгілі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны