20.06.2013, 11:51 2676

Үндістанда су тасқынынан зардап шеккендер саны 180 адамнан асты

"Хиндустан таймс" жергілікті газетінің хабарлауынша, су тасқыны салдарынан Уттаракханд, Химачал-Прадеш және Уттар-Прадеш штаттарына көп зиян келтірілген.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Үндістанда су тасқынынан зардап шеккендер саны 180 адамнан асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Хиндустан таймс" жергілікті газетінің хабарлауынша, су тасқыны салдарынан Уттаракханд, Химачал-Прадеш және Уттар-Прадеш штаттарына көп зиян келтірілген.

Уттаракханд штатында 600-ден астам үй қирады, 75 мыңға жуық адам қиын жағдайға душар болды.

Қазір елде құтқару-іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны