09.08.2013, 11:15 6049

Уолл-стритте жүздеген мың қаржы қызметкері жұмыстан қысқартылуы мүмкін

Белгілі сарапшы Мередит Уитнидің ойынша, таяу арада әлемнің бизнес орталығы Уолл-стритте американың қаржы саласында бұрын-соңды болмаған ауқымды еңбеккерлерді қысқарту болуы мүмкін

Алматы. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Уолл-стриттегі компаниялардың көбісінің жұмыскерлері таяу арада орнынан босатылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ресейдің Вести газетіне сілтеме жасай отырып.

"Белгілі сарапшы Мередит Уитнидің ойынша, таяу арада әлемнің бизнес орталығы Уолл-стритте американың қаржы саласында бұрын-соңды болмаған ауқымды еңбеккерлерді қысқарту болуы мүмкін", - деп көрсетілген жазбада.

Оның болжамына сенсек, таяу 18 ай ішінде қаржы саласының 15% қызметкері жұмыстан босатылады. Жұмыссыз қалғандар саны осы кезеңде 100 мыңнан асып кетуі мүмкін.

"Біз қазір Уолл-стриттегі үлкен дағдарыстың қарсаңында тұрмыз, көп қызметкерді қысқарту бұрын-соңды болмаған", - деп жазады сарапшы өз клиентеріне.

JP Morgan Chase & Co., Citigroup Inc. және HSBC Holdings Plc., Bank of America Corp секілді алпауыт банктер қызметкерлерінің едәуір бөлігін қысқарту жөніндегі жоспарлары бар екендігін жария етті.

J.P. Morgan банкі 17 мың жұмысшысын қысқартатынын мәлімдеген, биылдың өзінде 4 қызметкер жұмыстан босатылмақ. Bank of America болса былтыр қыркүйек айында 16 мың жұмысшыны қысқартатыны жөнінде жария еткен. HSBC -те өз штатының 14 мыңымен келімішартты бұзатынын мәлімдеп отыр. Ал, Citigroup банкі былтыр жыл соңында болашақта 11 қызметкерін қысқарту жөнінде жоспарын жария еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны