17.07.2013, 14:50 2725

Венесуелла президенті бас прокурорға үйленді

Венесуэла Президенті Николас Мадуро Силия Флореспен заңды некеге отырғандығын жариялады.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - Венесуелла президенті бас прокурорға үйленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Венесуэла Президенті Николас Мадуро Силия Флореспен заңды некеге отырғандығын жариялады.

Ол бұған дейін елдің бірінші ханымымен азаматтық некеде болған. Салтанатты шара 2 жақтың туыстарының қатысуымен өтті. Айта кететіні, Николас Мадуро мен Силия Флорес Венесуэланың бұрынғы елбасы Уго Чавестің арқасында кездескен. У.Чавес түрмеден шыққанда, оның оққағары мен жүргізушісінің қызметін атқарып жүрген Мадуро қамалушының қорғаушысы Флореспен танысқан. Қазір Флорес елдің бас прокуроры лауазымында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны