20.09.2023, 10:52 7256
Ақтөбеде алаяқтар 10 жасар қыздан 700 мың теңгені алдап алып кеткен
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Ақтөбеде 10 жасар қыз алаяқтардың құрбаны болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгісіз әйел үй телефонына қоңырау шалып, 10 жасар қызға оның анасының жол-көлік оқиғасын жасап, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін, анасын жауапкершіліктен құтқару үшін көп ақша қажет екенін айтқан.
Өзін тергеуші ретінде таныстырған әйел тіпті телефонды қыздың анасына бергендей кейіп танытқан. "Анасы" жылаған дауыспен баладан үйдегі барлық жинақ ақшаны беріп жіберуді өтінген.
Бұдан әрі алаяқ 10 жасар қызға 700 мың теңге көлеміндегі ақша салынған пакетті өзінің сыбайласына қалай беру керектігін айтқан. Анасының қиындыққа тап болғанына сеніп, шошып қалған бала ақшаны олар айтқан нұсқау бойынша беріп жіберген.
Анасы үйге келгеннен кейін ғана баланың алаяқтарға алданғаны белгілі болған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындап, әлеуметтік желі арқылы белгісіз адаммен кездескенін айтты. Ол оған жұмыс ұсынған. Міндет - жәбірленушіден ақша алу және барлық соманы көрсетілген "жұмыс берушінің" шотына аудару болған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өңірде алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінгендер саны артып барады. Алаяқтар жәбірленушілерге туыстары апатқа ұшырағанын айтып қоңырау шалып, зардап шегушілерді емдеу немесе қылмыстық істі тоқтату үшін қажет деген сылтаумен ақша талап етеді. Полиция қызметкерлері мұндай қоңырауларға сенбес бұрын, анық-қанығына көз жеткізу керек екенін еске салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.12.2023, 17:51 3596
Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды
Күдікті букмекерлік мекемеден 143 780 теңге тонап, оқиға орнынай бой тасалағаны анықталды
Достарға айту
Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
3 желтоқсан таңғы букмекерлік мекеменің қызметкері қарақшылық жасалды деп хабарлама берген.
Тексеру кезінде 08:55 шамасында бетперде киген 20-25 шамасындағы ер адам мекеме қызметкерін ас үй пышағымен қорқытып, букмекерлік мекемеден 143 780 теңге тонап, оқиға орнынай бой тасалағаны анықталды.
Полиция қызметкерлері 25 жасар қала тұрғынын ұстады. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынып, ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2023, 09:32 5731
Пойыздардың 60 қызметкері семейлік "блогер"-бопсалаушыдан зардап шеккен
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Семей тұрғыны ұсталды. Ол бірнеше жыл бойы өзін "блогер" ретінде таныстырып, Семей арқылы ішкі және халықаралық бағыттар бойынша жүретін жолаушылар пойызының қызметкерлерін масқаралайтын бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалап келген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті жолаушы сияқты пойызға отырып, өзінің жеке пайдасы үшін жолаушылар тасымалы саласындағы бұзушылықтарды телефонына түсіріп, ақша бопсалауға пайдаланған.
Бұл қылмыс ұзақ уақыт бойы полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалды, себебі жәбірленушілер қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына "сигналдар" түсе бастағаннан кейін ғана күдіктінің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Қаскөй ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жолаушылар пойыздарының 60-тан астам қызметкері жәбірленуші ретінде танылды. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша ұсталған адамның банк шоттарына 2021 жылдан бері 48 млн теңгеден астам қаражат түскені анықталды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2023, 09:23 5991
Ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі Сербиядан экстрадицияланды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстаннан тыс жерлерге қашып кеткен заң бұзушыларды экстрадициялау бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында "OLIMP KZ" букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын.
Бүгін Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялады.
Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.
Осыған байланысты күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған.
Қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айта кетейік, фигурантты экстрадициялау Қазақстан мен Сербия арасындағы "Ұстап беру туралы" шарттың болуына байланысты мүмкін болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2023, 16:19 10191
Полиция екі өңірде 2 млн-нан астам акцизсіз темекі бумаларын сату арнасының жолын кесті
Достарға айту
Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Абай облысындағы әріптестерімен бірлесіп, акцизсіз темекі өнімдерін өткізу арнасының жолын кесу бойынша ауқымды операция жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
4 желтоқсанда бір мезгілде екі өңірде үш жүк автокөлігі тоқтатылды. Оларды тексеру кезінде акцизсіз, жалпы саны 2 млн бумадан астам түрлі маркалы темекі табылды. Ал жүк көліктерінің жүргізушілері сантехниканы тасымалдауға арналған құжаттарды көрсеткен. Аталған облыстардың мемлекеттік кірістер департаменттерінің мамандары темекі өнімдерінің нарықтық құнын анықтады. Ол 3 млн АҚШ долларынан немесе 1,5 млрд теңгеден асады.
Жиналған материалдар экономикалық тергеп-тексеру қызметінің өңірлік департаменттеріне берілді. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабымен (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2023, 16:08 10466
БҚО 14 мектеп директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды, деп хабарлайды Gov.kz.
Осылайша, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі белгілі болды.
Осылайша, жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды.
Бүгінгі таңда прокурорлық қадағалау актісімен ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2023, 10:28 11986
Ақтауда үлескердің ірі көлемде 400 млн теңгеге жуық ақшалай қаражатын жымқырды деген күдікті қамауға алынды
Достарға айту
Ақтауда "Атамекен" тұрғын үй кешені аяқталмаған объектісі салымшыларының сеніп тапсырылған ақшалай қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша "Багис" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істің тергеуі жалғасуда, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында ЖШС директоры 2017 жылдың наурызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында тұрғын үй кешенін құрылысын аяқтау сылтауымен 119 үлескердің ірі көлемде 400 млн теңгеге жуық ақшалай қаражат иемдегендігі анықталды.
ЖШС басшысына қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, қосымша сот сараптамаларын жүргізу күтілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға берілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2023, 12:40 17101
Алматы облысында судья қызды зорлау ісі бойынша пара алды деген күдікке ілінді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алматы облысының үш судьясы жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсі іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жасаған жемқорлық қылмыстарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
Қазіргі уақытта іс бойынша қылмыс туралы кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды деп күдіктелген Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергелуде.
Басқа жағдайда, Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.
Ол сот орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған.
Сондай-ақ, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралуда, ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешімдер шығарғаны үшін пара алды деп айыпталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2023, 12:14 17301
Шымкентте қазақстандықтарды 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Шымкентте қазақстандықтарды 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
34 жастағы алаяқтықтың құрбаны болғандардың қатарында Тараз, Түркістан облысы және Шымкенттің 53 тұрғыны бар.
Арам пиғылды азаматша оларды электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген. Қарызды төлемеуге болатынын жеткізген ол бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылады деп сендірген. Несиеге рәсімделген электрониканы аферист әйел құрбандарынан жарты сомасына сатып алып отырған.
Алаяққа ұрынғанын сенгіш азаматтар ай сайынғы төлем туралы ескерту-хабарлама түскен кезде бір-ақ білген.
Бұл жайт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Ұсталған азаматшаның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, тергеушілер қылмыстық істі сотқа жіберді. Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
01.12.2023, 17:52Екібастұзда 520-дан астам жұмыс орны бар ферроқорытпа өндіретін жаңа зауыт ашылады 01.12.2023, 15:48 76686Алматы қаласының Бостандық ауданында 2 емхана мен 5 жаңа мектеп салынады01.12.2023, 15:43 76436Қазақстан метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылады - Тоқаев01.12.2023, 13:37 73636Үкімет шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптарын бекітті01.12.2023, 15:33 71461Алматы мәслихаты 2023 жылға арналған нақтыланған жергілікті бюджет жобасын қолдады
09.11.2023, 17:53 95496Елімізде балық шаруашылығын дамыту қолға алынбақ09.11.2023, 17:42 95126Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді10.11.2023, 13:53 94136Елімізде мемлекеттік қызметкерлер қандай қылмыстық құқық бүзушылықтар жасайды10.11.2023, 11:17 92666"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 күзгі-қысқы кезеңге дайын еместтігіне байланысты айыппұл салынады09.11.2023, 12:27 92106Қытай Қазақстаннан термиялық өңделген ет өнімдерін әкелуге шектеулерді алып тастауға дайын