13.05.2025, 10:36 70281

Ақтау қаласында бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты

Ақтау қаласында "Сұлтан", "Аққала" және "Мұрагер" көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Тергеу барысында "ИнтерьерСтройАқтау" ЖШС басшыларының құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттамасы болмағанына қарамастан, 590 үлестік қатысу келісімшартын жасасқаны анықталды.

Нәтижесінде үлескерлерден заңсыз түрде 5,5 млрд теңгеден астам қаражат тартылған.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған.

1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, компания басшылығы тарапынан иемделген.

Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды.

Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударыған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны