21.02.2024, 10:31 25256

Ақтауда мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер үш жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтауда мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер үш жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: vietnews.ru
Ақтауда мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды.

Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны