10.07.2026, 18:36 34961

Атырауда қала әкімінің міндетін атқарушы пара алды деген күдікке ілінді

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Бұқаралық ақпарат құралдарында Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махуовтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп мәлімдеді ведомстводан.


Бұған дейін журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында шенеунік 100 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. БАҚ мәліметінше, бұл қаражат қаланың кәріз желілерін күрделі жөндеу жобасына белгілі бір компанияның мүддесіне сай өзгерістер енгізгені үшін берілген болуы мүмкін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны