01.07.2026, 15:07 39631

Бірнеше жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі түркиялық әріптестерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында 2021 жылдан бері іздеуде жүрген 46 жастағы ҚР азаматын Анталия қаласында ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірлесе отырып, сенімге кіру арқылы еліміздің 1300-ден астам азаматынан 6 миллиард теңгеден астам қаражат алып, бой тасалаған.

 26 маусым күні іздеуде жүрген әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды.

Жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасаған 117 қылмыскерді ұстаған. Олардың келтірген жалпы материалдық шығыны 17 миллиард теңгеден асып жығылады.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны