01.07.2026, 12:00 32501

Екі жекеменшік емхана Медициналық сақтандыру қорынан 221 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Кейбір пациенттер аталған клиникаларға мүлдем жүгінбеген
ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша екі жекеменшік клиниканың басшылығына қатысты тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды тиісті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Тергеу амалдарына сүйенсек, "ИБН СИНА" және "SOFIE MED GROUP" медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған "варикоцеле" диагнозы бойынша медициналық қызметтерді кодтау кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның - "кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы" қызмет кодын көрсеткен.

Осындай құйтырқы әрекеттердің нәтижесінде 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызметтер рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар, 19 жағдайда пациенттер аталған клиникаларға мүлдем жүгінбеген.

Мемлекетке келтірілген залал сомасы 221 млн теңгеден асып жығылады. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны