09.07.2026, 11:43 39346

Елімізден декларацияланбаған 350 мың АҚШ долларын алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Тәркіленген қаражаттың жалпы көлемі 636 млн теңгеден асып жығылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 30 маусым мен 7 шілде аралығында өткізу пункттерінде декларацияланбаған валютаны елден алып шығудың 38 әрекетін анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Тәркіленген қаражаттың жалпы көлемі 636 млн теңгеден асып жығылды.

Айта кетсек, Жамбыл облысындағы «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде ірі көлемдегі соманы алып өтпек болған шетелдік ұсталған. Жүкті тексеру барысында шетелдік азаматтың жүгінен декларацияланбаған 350 мың АҚШ доллары (шамамен 170 млн теңге) табылған.

Барлық материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.

ҰҚК Қазақстан заңнамасына сәйкес баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны елден алып шығуға тыйым салынатынын еске салды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны