13.08.2026, 10:52 22006

Халықаралық іздеу жарияланған отандасымыз Кореядан елге қайтарылды

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады
Халықаралық іздеу жарияланған Ұлан Мұхтарұлы Байболовты Корея Республикасынан Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінен.

Тергеу деректеріне сәйкес, Ұ.М. Байболов салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүйелі түрде төлеуден жалтарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған.

Қылмыстық әрекет мынадай жолмен жүзеге асырылған: кәсіпорындар сатып алынып, жалған басшылардың атына қайта тіркелген, олардың банк шоттары арқылы қаржы операциялары жүргізілген, салық есептілігіне көрінеу бұрмаланған мәліметтер енгізіліп, кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Осы тәсілде пайдаланылған кәсіпорындардың бірі "Сфера" ЖШС. 2014 жылы Ұ.М. Байболов аталған серіктестік директорының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Нәтижесінде топ мүшелері серіктестіктің есеп айырысу шоттарынан 2,5 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

Бұдан бөлек, қосымша есептелген салық көлемі 1 млрд теңгеден асқан.

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны