13.08.2026, 14:37 23366
ІІМ қазақстандықтардың деректері сатылып жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ІІМ қазақстандықтардың дербес деректерінің сатылымға шығарылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан азаматтарының дербес деректері сатылымға шығарылды деген ақпарат қоғамда алаңдаушылық туғызғаны байқалады. Ішкі істер министрлігі аталған ақпаратты тексерді. Бүгінгі таңда eGov порталына заңсыз кіру немесе қол жеткізу фактілері тіркелген жоқ.
Сонымен қатар мұндай хабарландырудың жариялану фактісі назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта хабарландыруды орналастырған тұлғаны, ұсынылып отырған деректердің қайдан алынғанын, сондай-ақ оларды заңсыз алуға және таратуға қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда.
Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты конституциялық кепілдікті іске асыруға барынша жауапкершілікпен қарайды. Конституцияның 21-бабында дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын мұндай әрекеттерден қорғау тікелей көзделген.
Барлық қатысы бар тұлғаны анықтау үшін қажетті шаралардың бәрі қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.09.2026, 14:29 1911
Жамбыл облысында ондаған келі марихуана жасырылған жерасты қоймалары табылды
Елімізде "Қарасора-2026" операциясы өтуде
Достарға айту
Жамбыл облысында "Қарасора-2026" операциясы аясында 120 келі дайын есірткі мен оны дайындауға арналған шикізат тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Меркі ауданы Қарасу ауылының маңында жерасты жасырын орнынан 20 келі марихуана алып жатқан кезде бұрын есірткі өткізгені үшін бірнеше рет сотталған жергілікті тұрғын қылмыс үстінде ұсталды.
Шу ауданында зауыттардың бірінің маңында бес қап кептірілген марихуанасы бар жасырын орынды қазып, ашу кезінде үш жергілікті тұрғын құрықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 72 келі болған. Айт кету керек, ұсталған дайындаушылардың екеуі бұрын есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, Түрксіб станциясында Шу - Тәтті теміржол аралығында екі жергілікті тұрғын ұсталды, олардан 25 келі құрамында есірткісі бар қарасора өсімдігі тәркіленді.
Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың барлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндірістер басталды. Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2026, 09:23 2826
Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бөлінген 103 млн теңге көлеміндегі субсидияның қолды болғаны анықталды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті 103 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияны жымқырды деген күдікке ілінген қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін үшінші тұлғалардың атына ресми түрде тіркелген төрт жеке кәсіпкерлік пен екі ЖШС пайдаланылған. Іс жүзінде кәсіпкерлік нысандарын күдіктілер өздеріне берілген электрондық цифрлық қолтаңбалар, мөрлер және банк шоттарын басқаруға құқық беретін нотариалды сенімхаттар арқылы іс жүзінде бақылауда ұстаған.
ҚМА мәліметінше, ақпараттық жүйелерге ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу мен олардың қолда бары, сондай-ақ асылдандыру жұмыстарының жүргізілгені туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізілген. Кейін осы мәліметтердің негізінде субсидия алуға электрондық өтінімдер берілген
Бюджеттен алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген және жеке мақсаттарына жұмсалған.
Келтірілген залалдың жалпы сомасы 103 млн теңгені құрады.
Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі екі тұрғын үйге, төрт автокөлікке, автотұрақ орнына және жер теліміне тыйым салынды.
Күдіктілердің бірі қамауда, екіншісі кепілмен босатылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2026, 15:18 6506
Талдықорғанда жылу желілерін жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырудың алдын алды
Шығарылуға жататын қалдықтардың массасы нақты 5 273,7 тонна орнына 105 474 тонна көлемінде көрсетілген
Достарға айту
Талдықорған қаласының прокуратурасы мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша жұмыс құнының негізсіз ұлғайтылғаның анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде шарттың құны 85,1 млн теңгеге төмендетіліп, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасынан.
Заңбұзушылық мемлекеттік инвестициялық жобаларға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуын тексеру кезінде анықталды.
Белгілі болғандай, жылу желілерін қайта жаңғырту құжаттамасын әзірлеу кезінде алынатын асфальтобетон массасын есептеуде қате жіберілгені, атап айтқанда, алынатын қабаттың қалыңдығы ескерілмегені анықталды.
Нәтижесінде шығарылуға жататын қалдықтардың массасы нақты 5 273,7 тонна орнына 105 474 тонна көлемінде көрсетілген, яғни 20 есеге артық есептелген.
Прокуратура араласқаннан кейін келісімшарт құны 85,1 млн теңгеге төмендетілді. Бұл қаражатты бюджетте сақтап қалуға мүмкіндік туды.
Жалпы Жетісу облысында прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2026, 13:10 6996
Елімізде дінді желеу еткен 64 қылмыскер ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Жыл басынан бері Қазақстанда діни-экстремистік идеяларды желеу етіп әрекет еткен 22 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, 64 адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ мәліметінше, олар бопсалаумен, алаяқтықпен, тонаумен айналысқан, браконьерлікпен және есірткі өткізумен шұғылданған. Сондай-ақ, қылмыстық әрекеттер жасау үшін атыс қаруын сақтаған.
Мұндай топтар Алматы қаласында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында әрекет еткен.
Атап айтқанда, Мәселен, Алматыда радикалды діни идеяларды ұстанған төрт адам қала тұрғынынан 7,5 млн теңгені ұрлап кеткен. Кінәлілер сот үкімімен 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Петропавлда радикалды діни идеологияны ұстанушы әйел жасаған алаяқтықтың төрт эпизоды ашылды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 2 млн теңгеден асты. Әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Павлодарда радикалды діни көзқарастарды ұстанатын жергілікті тұрғын алаяқтықтың 17 эпизодын жасаған. Келтірілген залал 8 млн теңгеден асты. Сот оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жалпы, ішкі істер органдары діни экстремизм идеяларын ұстанушылар жасаған пайдакүнемдік-зорлық сипатындағы 155 қылмыстың бетін ашты. Заңсыз айналымнан 114 атыс қаруы, 3 суық қару, 7 граната, 1600-ден астам оқ-дәрі және 32 келіден астам есірткі тәркіленді.
Сонымен қатар полиция экстремистік және террористік қылмыстарды, оның ішінде интернетте радикалды идеологияны таратуды анықтап, жолын кесуде. Ақтөбеде қала тұрғыны әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін қорлау арқылы діни араздықты жария түрде қоздырған. Ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ақтөбедегі тағы бір жағдайда зорлық-зомбылық акцияларын жоспарлаған радикалды көзқарастағы жас жігіт ұсталды. Терроризмді насихаттағаны үшін сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Түркістан облысында радикалды діни идеологияны ұстанушы ұсталды. Ол интернетте халықаралық террористік ұйым - "Өзбекстан ислам қозғалысының" идеяларын белсенді түрде таратқан. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Діни сенімдер қылмысты, зорлық-зомбылықты және араздықты қоздыруды ақтау үшін негіз бола алмайды.
Естеріңізге сала кетсек, "Қарасора" операциясының үш айында 21 тоннадан астам есірткі тәркіленген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 13:08 11151
Грузиядан 238 млн теңгеден астам мемлекеттік субсидия қаржысын жымқырды деген күдікті экстрадицияланды
Ол 2026 жылдың наурыз айында Грузияда ұсталды
Достарға айту
Грузиядан 238 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратурадан.
Тергеу мәліметтеріне сүйесек, 2020 жылдан 2023 жылға дейін күдікті бюджет қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған. Ол үшін сенімді тұлғалардың атына рәсімделген өз бақылауындағы шаруа қожалықтарын, асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу-сату туралы жалған шарттарды және басқа да жалған құжаттарды пайдаланған.
Күдікті осы құжаттардың негізінде жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік субсидияларды заңсыз рәсімдеген. Мемлекетке және басқа да жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 238 млн теңгеден асып жығылады.
Кейіннен күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған болатын. 2026 жылдың наурыз айында ол Грузияда ұсталды.
Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті әйел елге жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды.
Кінәлі деп танылған жағдайда, оған мүлкін тәркілене отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бас прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері Грузиядан Қазақстанға іздеуде жүрген жеті адам экстрадицияланды, олардың бесеуі қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 10:38 11746
The Finiko қаржы пирамидасын ұйымдастырушы Қазақстанға қайтарылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚМА-ның Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген "The Finiko" құрылымдық бөлімшесінің басшысын Түркиядан елге қайтарды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінен.
ҚМА мәліметінше, тергеу барысында "The Finiko" ешқандай нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызмет жүргізбегені анықталды. Бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен жасалған. Осы тәсіл табыс түсіп жатқандай көрініс туғызып, азаматтардың қаражатын одан әрі тартуға мүмкіндік берген.
"Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған", - деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды.
Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адам мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.
Тергеу жалғасып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 09:56 11931
Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты даудан кейін полицейлер жазаланды - ІІМ олардың есімдерін жарияламады Эксклюзив КТ
Сурет: Әлеуметтік желілердегі бейнежазбадан скриншот
Достарға айту
Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін мәжбүрлеп көшіру әрекетінен кейін жүргізілген қызметтік тергеу қорытындысы бойынша Алматы полициясының бірқатар қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Kazakhstan Today агенттігінің жолдаған сауалына берген жауабында мәлім етті.
"Сауалда көрсетілген дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің бірқатар қызметкеріне тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылды", - деп хабарлады министрліктен.
Бұл ретте ІІМ тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің нақты аты-жөні мен лауазымдары аталмады. Сондай-ақ, ведомство балалар үйінің тәрбиеленушілерін мәжбүрлеп көшіру шараларына полиция қызметкерлерін тарту туралы тапсырманы кім бергенін де нақтыламады.
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылы Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін мәжбүрлеп көшіруге қатысты жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.
21 шілдеде қоғам қайраткері Аружан Саин №1 балалар үйіндегі жетім балаларды мәжбүрлеп көшіру сәті түсірілген видеоны жариялады.
Сол күні Қазақстан Президенті балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа көшіруді тоқтатуды тапсырып, бұл жағдайға байланысты қызметтік тергеу тағайындалған болатын.
Даудан кейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күренбеков, білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева және ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов қызметтерінен босатылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.09.2026, 13:38 18391
Жаңаөзенде аурухана директорының орынбасары мен қор басшысы ақша жымқырды деген күдікпен қамауға алынды
Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде
Достарға айту
Маңғыстау облысында Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасында күйік бөлімшесін ашуға бөлінген демеушілік қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу деректеріне сәйкес, жабдық алуға бөлінген 223 млн теңгенің тек 92 млн теңгесі ғана жұмсалған, деп хабарлайды ҚМА.
2025 жылы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы күйік бөлімшесін ашуға демеушілік көмек көрсету туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ға өтініш жасаған. Жобаны іске асыруға 223 млн теңге бөлініп, оны "ӨзенМұнайГаз" АҚ "Жарылқау" қоғамдық қорына аударған
Бастапқыда жоба аясында медициналық жабдықтың сегіз түрін сатып алу және мамандарды оқыту көзделген. Алайда кейін жобаның шарттары өзгертіліп, бөлімшені кешенді түрде жабдықтаудың орнына қоғамдық қор, қалалық аурухана және "AKBS Invest" ЖШС арасында жалпы құны 210 млн теңге тұратын, күйікке шалдыққан науқастарға арналған небәрі екі арнайы кереует сатып алу жөнінде үшжақты шарт жасалған.
ҚМА мәліметінше, сатып алу заң талаптарын айналып өтіп жүргізілген. Өйткені мұндай бағадағы медициналық техниканы заңнамаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу қажет.
Жабдық сатып алуға небәрі 92 млн теңге жұмсалған. Тергеу нұсқасы бойынша, қалған қаражат үлестес кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, іске қатысушылар арасында бөлінген.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, заңсыз іске қалалық аурухана директорының орынбасары, "Жарылқау" қоғамдық қорының басшысы, Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары және өнім беруші қатысы бар деген күдік туындауда. "AKBS Invest" ЖШС өкілі қылмыстық жолмен түскен қаражатқа елордадан пәтер сатып алып, оны үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген.
Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегімен тергеу басталды.
Бүгінде үш күдікті қамауға алынған. Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде 2 пәтерге, 2 тұрғын үйге және автокөлікке тыйым салынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін Қарағанды облысында Qarmet компаниясынан 1,5 млрд теңге жымқырғаны үшін ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.09.2026, 09:37Қазақстандық дипломаттар Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестиваліне қатысты 16.09.2026, 10:49 10446Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтпек16.09.2026, 10:59 10326Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады16.09.2026, 11:22 9466Қазақстан Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі16.09.2026, 12:22 9366Депутат жүргізуші куәлігін алу емтихандарына кезектің тым ұзақ екенін мәлімдеді
11.09.2026, 19:08 72166Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды11.09.2026, 13:16 68306Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды11.09.2026, 13:09 67886Қазақстанда адам саудасына қатысты 85 факті анықталып, 145 радикалды идея ұстанушы елден шығарылған11.09.2026, 15:18 67616Тоқаев көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады11.09.2026, 14:38 66476Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін есептеу тәртібі өзгертілді
03.09.2026, 17:22 83691Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 80466Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді11.09.2026, 19:08 72166Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды04.09.2026, 20:49 71281Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады11.09.2026, 13:16 68306Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

