14.08.2026, 11:33 28971

Ұлытау облысында 1 млрд теңгенің марганец кенін заңсыз өндіруге тосқауыл қойылды - ҚМА

Тергеу жалғасып жатыр
Ұлытау облысында 1 млрд теңгенің марганец кенін заңсыз өндіруге тосқауыл қойылды - ҚМА
Сурет: Depositphotos
Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды ҚМА.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытқан. Оқиға орнында ауыр карьер техникасы мен ұсату-жуу жабдықтары қолданылған толыққанды тау-кен байыту кешені іске қосылған.

Өндірілген кен тауарлық концентратқа өңделіп, теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған. Шикізатты жүйелі түрде тиеп-жөнелту үшін күдіктілер теміржол тұйығын жалға алған.

Тергеу дерегінше, өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асып, оның құны 1 млрд теңгеден көп болған.

Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға залал келтірілген. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады.

Тергеу жалғасып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны