08.07.2026, 12:34 34411
Ұлытау облысында пара бермек болған кәсіпорын директоры ұсталды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ұлытау облысында пара бермек болған кәсіпорын директоры ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша оң шешім қабылдату мақсатында тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған. Тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің заңсыз әрекеттері туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталып, ақша қаражаты тәркіленді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.08.2026, 16:30 1466
Астанада жылжымайтын мүлікті сатуға қатысты алаяқтық ісі бойынша айыпталушылар сотталды
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі алаяқтық пен ысырап ету ісі бойынша төрт адамды 8 және 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.
Сот мәліметінше, сотталушылар пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайлар мен автотұрақ орындарын сатамыз деген желеумен азаматтардан қолма-қол ақша алған және қаражатты жеке шоттарына аудартқан. Барлығы 51 жәбірленушіге 3 млрд теңгеден астам залал келтірілген.
Сонымен қатар, сот сотталушылардың жалған сатып алу-сату шарттары арқылы ЖШС қаражатын жымқырғанын анықтады. Клиенттерден алынған 3 млрд теңгеден астам қаражат компанияның есепшотына түспеген. Соның салдарынан ЖШС-ге де аса ірі көлемде залал келтірілген.
Сотталушыларға аса ірі көлемдегі алаяқтықты ұйымдастыру және оған көмектесу, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету, сондай-ақ ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды заңсыз сатып алу және пайдалану сияқты айыптар тағылды.
Сот мәліметіне сүйенсек, олардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, мамандардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Прокурор заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады. Залалы өтелмеген жәбірленушілер қатаң жаза тағайындауды талап етті. Сотталушылар кінәсін мойындамай, қорғаушыларымен бірге өздерін ақтауды сұрады.
Сот істің фигуранттарын 8 және 9 жылға бас бостандығынан айырып, оларға 10 жыл бойы жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты қызметпен айналысуға тыйым салды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 13:19 2071
Павлодарда жаңа туған шақалақты сату ісі бойынша үкім шығарылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Павлодарда кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін кінәлі деп танылған әйелге қатысты үкім шығарылды. Прокуратураның мәлімдеуінше, күдікті жаңа туған қызын сатпақ болған.
Сот барысында анықталғандай, Түркістан қаласының 23 жастағы тұрғыны қаржылық қиындықтарға байланысты жүкті кезінде болашақ сәбиін сатуға шешім қабылдаған. Ол әлеуметтік желіде хабарландыру жариялап, қыз баланы 800 мың теңгеге сатуға келіскен.
2026 жылғы 28 наурызда күдікті Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында дені сау қыз баланы дүниеге әкелген.
Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары жедел іс-шаралар жүргізген. Сатып алушы осы іс-шаралар аясында әрекет етіп, мәміле жасау үшін сериялық нөмірлері алдын ала тіркелген ақша пайдаланылды.
31 наурызда Павлодардағы пәтерлердің бірінде әйел жаңа туған нәрестені медициналық құжаттарымен бірге беріп, 100 мың теңге алған.
Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі ("Кәмелетке толмағандар саудасы") бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Бірақ, сот ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабы негізінде жазаны орындауды бес жылға кейінге қалдырды.
Прокуратура балаларға қатысты заңсыз мәмілелер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 11:10 2416
Вьетнамнан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген күдікті экстрадицияланды
Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген
Достарға айту
Вьетнамнан Қазақстанға өзінің анасының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Мекеменің мәлімдеуінше, күдікті 2025 жылдың қараша айында өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, ауызша жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасаған.
Қылмыс жасағаннан кейін заңда белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 19:12 3956
Алаяқтар қазақстандықтарға Қаржы нарығын реттеу агенттігінің атынан жалған құжаттар таратуда
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды агенттіктің атынан деген желеумен жалған құжаттарды тарату фактілері туралы ескертеді.
Атап айтқанда, Агенттіктің азаматтарға ақшалай қаражатты қайтару рәсімі, криптовалюта биржаларында, криптоәмияндарда және банк карталары бойынша транзакцияларды тексеру, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару бойынша заңды және (немесе) өзге де қызметтер көрсететін тұлғаның сенімділігін растау туралы дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттың таратылуы анықталды. Таратылатын құжат Агенттіктің ресми құжаты болып табылмайды, онда қамтылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
"Агенттік алаяқтық немесе өзге де операциялар нәтижесінде жоғалған ақшалай қаражатты азаматтарға қайтару жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырмайды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі қызметтерді ұсынатын үшінші тұлғалардың сенімділігін растамайды",- деп атап көрсетілген хабарламада.
Осыған байланысты Агенттік азаматтарды Агенттіктің немесе басқа мемлекеттік органдардың атынан құжаттар, хаттар мен хабарламалар алған кезде қырағы болуға шақырады. Бейтаныс тұлғалардың талаптары бойынша ақшалай қаражатты аударуға, сондай-ақ дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды, құпиясөздерді және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
"Осындай құжаттарды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару сылтауымен комиссияларды, сақтандыру жарналарын немесе өзге де төлемдерді төлеу туралы талаптарды алған кезде төлемдерді жүзеге асырмауға және құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз",- деп мәлім етті агенттіктен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 14:56 4466
Шетелдік азамат Қордай арқылы киімінің астына жасырған 70 мың долларды алып өтпек болды
Сурет: ҚР ҰҚК
Достарға айту
10 күн ішінде Қазақстаннан 645 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз алып шығуға әрекет жасалған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Комитет мәліметінше, 1-10 тамыз аралығында өткізу пункттерінде осындай 70 әрекет анықталып, жалпы сомасы 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.
Жекелеген жағдайлардың бірінде Жамбыл облысындағы "Қордай" автомобиль өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында шетел азаматында киімінің астына жасырылған 70 000 АҚШ доллары (32 550 000 теңге баламасында) анықталды.
Анықталған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
ҰҚК Қазақстаннан баламасы 10 мың доллардан асатын қолма-қол шетел валютасы мен шетел валютасындағы ақша құралдарын алып шығуға тыйым салынғанын еске салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.08.2026, 15:27 10301
"Отбасы банкте" тұрғын үй кезегін жылжыту үшін пара алу деректері анықталды
Қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
2025 жылы "Отбасы банк" қызметкерлері арасында бірнеше сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды. Банк қызметкерлері тұтынушылардың, риелторлардың, жеке сот орындаушылары мен нотариустардың сұрауын қанағаттандыру үшін заңсыз сыйақы алып отырған. Бұл туралы банктің жылдық есебінде айтылған.
Атап айтқанда, қызметкерлер тұрғын үй кезегін жылжытып бергендері үшін белгілі бір көлемде сыйақы алып келген.
Сонымен қатар, бөлімшелердің біріндегі қызметкер тұтынушылардың несие төлеу қабілетін растайтын табыс туралы жалған анықтамалар дайындаған. Кейін бұл құжаттар несиелік өтінімдерге қоса тіркелген.
Заңбұзушылықтарға қатысы бар қызметкерлермен еңбек шарттары бұзылды.
"Отбасы банкі" бұрынғы қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде арыздар да жолдады. Құқық қорғау органдары бірнеше қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Банк сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүргізіп жатқанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, Санжар Жамалов "Отбасы банк" директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.08.2026, 12:02 12201
Талдықорған маңында құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру фактісі тоқтатылды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Жетісу облысының күш құрылымдары Балықты өзенінің жағалауында өткізген рейд барысында полицейлер құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру және тиеу фактісін анықтады. Оқиға орнында табиғи материалды заңсыз тиеуге қолданылған трактор мен екі жүк көлігі анықталған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған факт бойынша қажетті материалдар жинақталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін Жетісу облысы бойынша экология департаментіне жолданған.
Трактор арнайы тұраққа қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.08.2026, 11:12 30091
Оралда жартылай дайындалған ет өнімдерін "жалған" сертификаттау дерегі анықталды
Сәйкестікті растау және бағалау рәсімдерін жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін өнім өндіруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Достарға айту
Оралды ет өнімдерін "жалған" сертификаттау фактісі анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министрліктің мәлімдеуінше, тиісті жұмысты жүргізуге мұздатылған ет құрамды жартылай фабрикаттарды бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша келіп түскен материалдар негіз болды. Өнім Беларусь Республикасының сертификаттау органында ресімделген ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясымен бірге өткізілген.
"Сәйкестікті бағалау материалдарын зерделеу барысында декларация Алматы қаласындағы аккредиттелген сынақ зертханасы берген деп көрсетілген сынақ хаттамасының негізінде қабылданғаны анықталды. Құжаттың түпнұсқалығын тексеру мақсатында Департамент аталған зертханаға ресми сұрау жолдады. Алынған жауапқа сәйкес, бұл өнімге сынақтар зертханада жүргізілмеген, ал тиісті сынақ хаттамасы ресімделмеген және берілмеген",- деп айтылған хабарламада.
Осылайша, сәйкестік туралы декларация өнімге сынақтардың нақты жүргізілгенін және оның Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігін растамайтын анық емес дәлелдемелік материал негізінде тіркелген.
Материалдарды қарау нәтижелері бойынша сәйкестік туралы декларацияның Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданысын жою туралы шешім қабылданды. Ақпарат уәкілетті органға және техникалық реттеу саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жолданды.
Сәйкестікті растау және бағалау рәсімдерін жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін өнім өндіруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.08.2026, 09:58Каспий теңізі күні 12 тамызда атап өтілуде 12.08.2026, 15:06 5741Елімізде бизнесті қолдау орталықтары ашылады12.08.2026, 15:45 5251Қазақстан Каспий маңы елдерін теңізі деңгейінің төмендеуіне қарсы күресті күшейтуге шақырды12.08.2026, 09:14 4836Бұтақты шатқалында Алматының тау кластерін дамыту аясында жүзден астам ағашты кесу жоспарлануда12.08.2026, 11:55 4531Израильде Қазақстандағы саяси өзгерістер таныстырылды
06.08.2026, 15:56 73411Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7327616 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 72981Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты06.08.2026, 17:55 71436СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді06.08.2026, 18:38 60696"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті
24.07.2026, 17:33 105616АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99336Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97916Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 97076Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94936ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

