13.07.2026, 20:27 29326

Науқастардан МӘМС есебінен жасалған ота үшін қаражат қайта алынған

Науқастардан МӘМС есебінен жасалған ота үшін қаражат қайта алынған
Сурет: unsplash.com
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысындағы дәрігерге қатысты алаяқтық және заңсыз материалдық сыйақы алу фактілері бойынша алаяқтық схеманы әшкереледі, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметінен.

"Күдікті 2023-2025 жылдар аралығында "Family Health Clinic" ЖШС мен "Ким В." ЖК клиникасында жұмыс істей отырып, пациенттерден варикоз ауруына жасалатын операциялардың МӘМС шеңберінде тегін жүргізілетіні туралы ақпаратты жасырған және көрсетілген қызметтер үшін төлемді өзінің банктік шоттарына қабылдап отырған",- деп айтылған хабарламада.


Сонымен қатар, "DamuMed" жүйесіне пациенттерге тегін медициналық көмек көрсетілгені туралы мәліметтер енгізіліп, соның негізінде медициналық ұйымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыру алған.

"Нәтижесінде күдікті 42 пациенттің 8 млн теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденген. Ал көрсетілген медициналық қызметтер үшін медициналық ұйымдарға Қор тарапынан 14,8 млн теңгеден астам қаражат аударылған", - деп мәлім етті агенттіктен.


Бұдан бөлек, оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін пациенттерден заңсыз ақшалай сыйақы алған фактілері де анықталды.

"Күдіктіге қатысты елден кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды", - деп қорытындылады баспасөз қызметінен.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны