08.07.2026, 11:53 30201

Пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргенге қатысты сот үкімі шықты

Пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргенге қатысты сот үкімі шықты
Сурет: Depositphotos
Қарағанды облысының Шет аудандық соты пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Прокуратураның мәлімдеуінше, кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы лицензиясыз темір рудасын өндіріп, өндірілген өнімді Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып келген. Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілгені дәлелденді.

Тергеу барысында іс бойынша үш күдікті қамауға алынып, олардың жалпы құны 360 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды.

Сот үш айыпталушыларды жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсына түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны