12.02.2025, 15:11 128281

Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген тұлға ұсталды

Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген тұлға ұсталды
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Астория" кафесінің жанында "А" есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.

Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны