13.08.2026, 17:56 25556

Шымкентте қыз баланы өлтірген қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді
Шымкентте қыз баланы өлтірген қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сурет: Depositphotos
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамда резонанс тудырған қыз баланы өлтіру ісі бойынша айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

28 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің аса қатыгездікпен адам өлтіру, сталкинг және некеге тұруға мәжбүрлеу сияқты үш бабы бойынша кінәлі деп танылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Естеріңізге сала кетсек, Шымкентте 21 жастағы қыз көптеген пышақ жарақатынан қаза тапқан болатын. Қылмыс көшеде бейнебақылау камераларының алдында жасалған. Туыстарының айтуынша, ер адам оны ұзақ уақыт бойы аңдыған, тіпті полицияға жүгінуге тура келген. Алайда қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Кейін күдікті қамауға алынды. Қылмыстан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министріне Шымкент қаласы Полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырған болатын.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары қоғамдық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін қызметінен босатылып, полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны