12.08.2026, 11:10 19866

Вьетнамнан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген күдікті экстрадицияланды

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген
Вьетнамнан Қазақстанға өзінің анасының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Мекеменің мәлімдеуінше, күдікті 2025 жылдың қараша айында өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, ауызша жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасаған.

Қылмыс жасағаннан кейін заңда белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны