22.02.2024, 12:51 51851

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры 100 млн көлемінде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Кәсіпкер сот үкімімен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған.

Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып,  тергеп-тексерілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 


 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны