24.02.2024, 12:55 43921

Жетісу облысында қорқытып алушылықпен айналысқандар сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ
Жетісу облысында прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары кәсіпкерлерден ақша қорқытып алушылықпен айналысқан топтың әрекетін жедел түрде жолын кесті, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен екі қылмыскер мүлікті өртеп жібереміз деп қорқытып, жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді ҚР ҚК-нің 189 бабының 2 бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді қорқытып алушылық фактілері орын алған жағдайда құқықтарын қорғау үшін дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны