25.05.2022, 17:46 22121

Ақмола облысында 51,9 млрд теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді

Ақмола облысында 51,9 млрд теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді
Фото: Depositphotos
Depositphotos
КӨКШЕТАУ. 25 МАМЫР - Ақмола облысында 2022 жылдың қаңтар-сәуір аралығында азық-түлік өнімдері 51,9 млрд теңгеге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,0%-ға өндірілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Азық-түлік өнімдерін өндіру құрылымындағы негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 53,5%, сүт өңдеу саласы – 13,5%, астық өңдеу саласы – 14,3%, нан және нан–тоқаш өндірісі – 3,0%, өзге салалар - 15,7% алады", - делінген Ақмола облысы әкімдігінің сайтында жарияланған құжатта.

 
Бұдан басқа, Ақмола облысында өндірістік қуаты жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын; өндірістік қуаты жылына 137,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын; өндірістік қуаты жылына 794,8 мың тонна 36 ұн тартатын кәсіпорын; өндірістік қуаты жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
 

Аталған кәсіпорындар мен цехтар заттай түрде 25,9 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді, шұжық өнімдерін өндіру көлемі 1,2 мың тоннаны құрады, өсім 31,0%", - делінген құжат мәтінінде.

 
Ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі орта есеппен 83,1%-ды құрады.
 
Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?