15.06.2022, 17:21 32361

Ақмола облысында жеңіл өнеркәсіпте 17 кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді

Ақмола облысында жеңіл өнеркәсіпте 17 кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді
Фото: primeminister.kz
КӨКШЕТАУ. 15 МАУСЫМ - Ақмола облысында жеңіл өнеркәсіп саласына 17 кәсіпорын мен өндіріс тартылған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, олардың ішіндегі ең ірілері: "Асыл Арман" ЖШС, "Самхат" аяқ киім фабрикасы" ЖШС (былғарыдан жасалған аяқ киім өндірісі), "Диас" тігін фабрикасы" ЖШС.
 
Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы саланы технологиялық жаңғыртуды жүргізуді жоспарлап отыр, бұл жаңа өндірістер ашуды, ескілерін кеңейтуді, сондай-ақ жеке қаржыландыру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарттарында облыстың барлық тоқтап тұрған кәсіпорындарын жандандыруды білдіреді.
 

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту бүгінгі таңда басым бағыттардың бірі болып табылады, өйткені сала әлеуметтік маңызға ие, халықтың, атап айтқанда, әйелдердің жоғары жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Жеңіл өнеркәсіптегі стартаптардың негізгі үлесі әйелдерге тиесілі, олардың белсенділігіне біз бүгін саланың жандана бастауына міндеттіміз. Тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп азық-түліктен кейін екінші орында тұр. Бүгін біз өзіміздің қымбатты ардагерлерімізді құрметтейміз, олардың таланттары мен жанқиярлық жұмысы, тіпті ең қиын кезеңдерде де, жеңіл өнеркәсіпті биіктікте ұстады. Жеңіл өнеркәсіптің басқа да қызметкерлерін атап өткім келеді, олардың арқасында біздің отандастарымыз бірегей, стильді, әдемі, ерекше бола алады", - деді Светлана Ехлакова Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы.

 
Бұдан басқа, 2020 жылы шағын және ірі бизнестің барлық деңгейдегі кәсіпорындары Ақмола облысының Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығына бірікті, оның басты міндеттері өңірде жеңіл өнеркәсіпті жаңғырту, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының, әсіресе микробизнес өкілдерінің мүдделерін қорғау және саланың проблемалық мәселелерін шешуде күш-жігерді біріктіру болып табылады.
 
Қауымдастық жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен жұмыс істеу жөніндегі барлық кәсіпорындармен тығыз байланыста болады, бейіндік мамандықтар бойынша - киім дизайнерлері мен модельерлері, тігін шеберлігі бойынша оқытатын бес колледжбен әлеуметтік әріптес рөлін атқарады. Сондай-ақ, сала ардагерлерінің студенттермен ынтымақтастығына жәрдем көрсетіледі, бірлескен іс-шаралар, конференциялар мен семинар-практикумдар, мастер-кластар мен бизнес-кездесулер, дөңгелек үстелдер және тақырыптық мерекелік кештер өткізіледі.
 
Мерекелік іс-шараға облыстың барлық кәсіпорындары мен ательелерінің қызметкерлері, сондай-ақ тігін саласының ардагерлері жиналды, оларға ең жылы құттықтаулар жолданды, облыс әкімдігінің, өңірлік палатаның алғыс хаттары табыс етілді.
 

Құрметті жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлері мен ардагерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің кәсіпорындарыңыз, сіздердің баға жетпес еңбектеріңіз, сіздердің өндірген өнімдеріңіз бүгінде біздің облыстың ғана емес, жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосуда. Бұған көптеген марапаттар мен түрлі мамандандырылған көрмелерге, соның ішінде халықаралық көрмелерге қатысу дәлел бола алады. Барлық адамдар үшін қиын уақытта - пандемияда - сіздің үлесіңіз баға жетпес. Әрі қарай да өз міндеттеріңізді абыроймен орындайтындарыңызға сенемін, ал сала қызметкерлерінің даңқты дәстүрлері сақталып, көбейтіліп, біздің республикамыздың одан әрі өркендеуіне қызмет ететін болады", - деп атап өтті ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 
Сондай-ақ, салтанатты шара аясында мектеп, колледж түлектерін жеңіл өнеркәсіп мамандықтарының техникалық және қаржылық мүмкіндіктерімен таныстыру, бос орындар жәрмеңкесі өтті.
 

Іс-шара тігін кәсіпорындарының мектептер мен колледждермен ынтымақтастығын орнату және осы саладағы бизнес субъектілері арасында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған", - деп атап өтті ҰКП баспасөз қызметі.

 
Колледж студенттері сала кәсіпорындарында үнемі өндірістік практикадан өтеді, сән көрсетілімдеріне, конкурстар мен коллекциялар көрмелеріне белсенді қатысады, ал түлектерге жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.
 

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?