08.01.2024, 14:03 67276

Майқайың кеніші шахтасының шұңқырына құлаған автобустың болжамды орны анықталды

Жоғалған адамдарды іздестіру тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде
Майқайың кеніші шахтасының шұңқырына құлаған автобустың болжамды орны анықталды
Сурет: Видеодан скриншот
Майқайың кеніші шахтасының шұңқырына құлаған автобустың болжамды орны анықталды. Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Instagram-дағы парақшасында жер астына құлап кеткен автобусты қалай алып шығуды жоспарлап отырғандығын хабарлады.

Оның айтуынша «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жалғасуда.

Бүгін таңертең «АК Алтыналмас» АҚ (Балқаш қ.) мамандары мен ТЖД құтқарушылары кран орнатып, бос орындарды, металды немесе басқа да ауытқуларды анықтау үшін жергілікті жерді геосканерлеу жүргізді. Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды. Нәтижелері өңделіп, шамамен автобустың орналасқан жері анықталды. Оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шамамен 5-7 метрді құрайды. Сағат 20.00-де штабтың отырысын өткізіп, автобусқа дейін жетуі тиіс шағын экскаваторды шұңқырға түсіру үшін траншея дайындау жұмыстарын және құтқарушылардың әрі қарайғы іс-қимылдарын күшейту туралы шешім қабылданды", деп мәлім етті ол.


Жоғалған адамдарды іздестіру тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына барлығы 136 адам, 41 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 бірлік дрон жұмылдырылғандығын атап өтті әкім.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны