02.08.2022, 17:05 12071
COVID-19: қазақстандық мектептерде қандай шектеу шаралары қабылданады
Достарға айту
Эпидемиологиялық жағдайды ескерсек, жаппай оқытудың онлайн-форматына көшпейтін шығармыз. Былтыр бірнеше толқынын да көрдік. Әрине, 100 проценттік сеніммен айтуға болмайды. Барлығы инфекцияның таралу деңгейі мен нақты штамға байланысты болады. Сол кездегі эпидемиологиялық жағдайға қарай тиісті шаралар қолға алынады", - дейді Есмағамбетова.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, жаңа оқу жылына дейін эпидемиологиялық жағдайға қарай шектеу шаралары әзірленеді. Алдымен мектептегі санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауға басымдық беріледі. Мектепті жиі жинауға тапсырма беріледі. Дезинфекциялық құралдар қолданылады.
Бұдан бөлек, мектепте педагогтер мен оқушылардың дене қызуын өлшеу шарасы да енгізілуі мүмкін. Температура анықталса, баланы сабаққа кіргізбейді.
Есмағамбетованың сөзіне қарағанда, мектепте барлық бұқаралық шараға да тыйым салынуы ықтимал.
Айта кетері, Үкіметтің бүгінгі отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының таралуы бойынша болжамды жариялады. Оның айтуынша, тамыз айында вирус жұқтырғандардың саны күніне 4 000 адамға дейін барады. Ал қыркүйек айында төмендейді.
Ақпарат көзі: sputnik.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.05.2024, 13:44 1971
Алматыда жыл соңына дейін мобильділігі төмен азаматтардың пайдалануы үшін 15 мың нысан паспортталады
Достарға айту
Алматыда қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл 15 мың қалалық нысанды паспорттау және 750 нысанды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың пайдалануына бейімдеу жоспарланған. Бұл туралы Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.
Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" аясында барлығы 15 мың нысанды паспорттау жоспарлануда.
Инклюзивті қала қағидаттарын енгізу және Алматының сапалы инфрақұрылымын дамыту қалалық әкімдіктің де, барлық аудандық әкімдіктердің де басты міндеті болып табылады. Паспорттау процесін автоматтандыру мақсатында қаланың ситуациялық орталығымен бірлесіп, еңбек шығындарын қысқартуға және объектілерді паспорттау мен бейімдеудің барлық кезеңдерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін деректерді енгізу үшін мобильді нұсқа әзірленді.
Сондай-ақ, 1 900 қоғамдық көлік аялдамасы мен 11 метро станциясын паспорттау объектілерінің тізіміне қосу жоспарланған.
Сонымен қатар, биыл мүгедектігі бар 42 959 адамды әлеуметтік қызметтер порталы ("Инватакси" қызметінен басқа) арқылы 16,9 млрд.теңгеге оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған.
1 мамырға "Инватакси" тасымалдау бойынша қызмет көрсету үшін 100 машина ұсынылған. 422 адам кресло-арбалармен, 552 адам сурдоқұралдармен, 889 адам тифлоқұралдармен, 1 294 адам протездеумен және ортездеумен, 5 097 адам гигиеналық құралдармен, сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етілген.
Санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін1 586 алматылық, жестеу тілі маманының қызметін 827 адам, жеке көмекшіні 3 265 адам пайдаланды.
TenQogam" мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы" әлеуметтік жобасы одан әрі жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2024, 13:35 2171
Алматыда Құлжа тас жолын реконструкциялау жоспарлануда
Бөлу жолағын жойып, жол бойын кеңейту арқылы әр бағытта 3 жолақ салынады
Достарға айту
Алматыда Құлжа тас жолын реконструкциялау учаскенің өткізу қабілетін 2 есеге арттырады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматыда 4 маусымда Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін Құлжа тас жолын қайта жаңарту басталады. Бұл жұмыс аясында жолды 4 жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейту жоспарланған, бұл учаскенің өткізу қабілетін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы ұзындығы 2,3 км жолды қайта жаңарту көзделген. Бөлу жолағын жойып, жол бойын кеңейту арқылы әр бағытта 3 жолақ салынады. Бұл шара аумақтың өткізу қабілетін тәулігіне 40 мың автокөліктен 80 мыңға дейін арттырады.
Сонымен қатар, жол жиегіне тосқауыл қоршауын, жол бойын жарықтандыру және су бұру тіректерін орнату көзделген. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі жағынан ені 2-ден 3 метрге дейінгі тротуар жабдықталады.
Жол бойын қайта жаңарту жұмыстары үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде жолдың батыс жағы, екіншісі орталық бөлігі, үшіншісі шығыс жағында жұмыс істеледі. Бірақ әрбір кезеңде екі бағытта да қозғалыс шектелмейді.
Әрбір учаскедегі жұмыстың ұзақтығы шамамен бір айға созылады. Жол бойының бүкіл ені бойынша жолды таңбалау және белгілер орнату арқылы қозғалысты осы жылдың 25 тамызына дейін ашу жоспарланған.
Жұмыстың аралық қорытындысы мен қосымша ақпарат жол инфрақұрылымына арналған @AlmatyJoly Telegram арнасында, сондай-ақ Almaty.kz сайтында жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2024, 13:31 2406
Таразда 400-ден астам оқушы есірткіге қарсы айлықты қолдады
Достарға айту
Таразда 400-ден астам оқушы есірткіге қарсы айлықты қолдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы барлық аудандарда мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен кең ауқымды профилактикалық іс-шаралардан басталды. Олар, ең алдымен, балаларға, жасөспірімдерге және жастарға бағытталған. Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен кездесуде полицейлер оқушылармен тыйым салынған заттарды қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, өзіне саналы және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану тақырыбында әңгімелесті. Кездесуді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев ашып, жүргізді.
Сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Абзал Есіркепов сөз сөйледі. 400-ден астам НЗМ оқушылары "Есірткіге жол жоқ!" челленджін қолдады. Кездесу барысында есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы бейнероликтер көрсетілді. ПД Кинологиялық қызметінің мамандары қызметтік-іздестіру иттерімен бірге есірткіні іздеу және анықтау дағдыларын көрсетті. Оқушылар спикерлерге белсенді түрде сұрақтарын қойып жатты.
Дәстүрлі есірткі" деп аталатын заттар, психоактивті, улы заттар, алкоголь, темекі - олардың барлығы мидың жұмысына әсер етеді. Біз жас кезінен бастап салауатты әдеттерді қалыптастырудың маңыздылығын жас ұрпаққа жеткізгіміз келеді және ата-аналарды балаларына үлгі болуға шақырамыз. Есірткіге тәуелді адамның ешқандай болашағы жоқ. Бұл ой барлық кездесулерде санадан кетпейді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға басымдық беріледі, - деді Нұржан Рахметуллаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2024, 17:11 37126
Алматыда 2025 жылдың соңына дейін барлық ескі қоқыс контейнерлері ауыстырылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматы әкімдігі қатқыл тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару үшін инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. 2024-2025 жылдары Алматыда ҚТҚ жинауға арналған 2905 тереңдетілген контейнерлер орнатылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен жұмыс сапары барысындағы кездесу кезінде айтты.
"2012 жылдан бері орнатылған барлық контейнерлерді біз реконструкциялаймыз. Сонымен қатар, 516 жаңа тереңдетілген контейнер алаңы салынады, олардың жартысы ағымдағы жылдың соңына дейін пайда болады. Өздеріңіз білесіздер, агрессивті ортаның әсерінен қоқыс жәшіктерінің металы тез ескіреді. 2025 жылдың соңына дейін барлық тозған контейнерлерді түгел ауыстырамыз", - деді Ерболат Досаев.
Алматыда өткен жылдың соңында тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнату жұмыстары басталды. Олардың артықшылығы-герметикалы және бұралқы иттер мен құстар оларға жете алмайды. Сондай-ақ, тереңдетілген контейнерлер жағымсыз иісті таратпайды әрі эстетикалы.
"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, біз қапшықты контейнерлерді орнатуды жоспарлап отырмыз. Қызмет көрсету тұрғысынан-қоқыс контейнерлерін жуу, санитарлық тазартуда шүберектен жасалған қапшықты контейнерлер әлдеқайда тиімді. Сонымен қатар, биыл біз 1800 еуроконтейнерді ауыстырамыз", - деді Алматы әкімі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2024, 17:17 45631
Астана әкімі 4-қабатта ілініп тұрған баланы құтқарған Ақан Әкімжановпен кездесті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында бүлдіршінді құтқарып қалған Ақан Әкімжановпен және ата-анасымен кездескені туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігнің ресми сайты.
Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездестім. Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды.
Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде!
Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2024, 17:14 45806
Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды
Достарға айту
Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Суретшілер, дизайнерлер, музей мамандары, кітапханашылар, хореографтар, акробаттар, солистер және шығармашылық топтардың мүшелері мен әр түрлі жанрдағы артистер мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлестері үшін марапаттарға ие болды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
40-қа жуық маман "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен, сондай-ақ Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Сіздердің ел үшін жасап жүрген еңбектеріңіз ерекше құрметке ие. Мемлекетіміздің, оның ішінде Алматы қаласының мәдениеті мен өнерін дамытуға, халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттауға өлшеусіз үлес қосып, өздеріңізге жүктелген міндеттерді үлкен абыроймен атқарып келесіздер.Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор алғыс айта отырып, алдағы уақытта да ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға бағытталған жаңа жарқцн жобаларды жүзеге асырасыздар деп кәміл сенемін", - деді марапаттау рәсімінде қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.
Марапатталған мамандардың тізімі Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2024, 13:12 47051
40 күннен астам сусыз өмір сүру: Алматыдағы Ерменсай шағын ауданының тұрғындары мәселені шешуді талап етеді
Достарға айту
Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиынға Ерменсай шағын ауданының тұрғындары "бізге су бер!", "42 күн сусыз!" деп жазылған плакаттармен келді. Олар судың тапшылығы өмірлерін төзгісіз еткенін ашып айтты. Сонымен қатар, көпшілігі үйде бесіктегі бала мен қарт туыстары бар екендігін, оларға күтім жасауда судың маңызы зор екенін жеткізді.
Анықтама: "Водснаб" АГВ" ЖШС келесі жерлерге су жеткізуші:
Асқартау, Ерменсай, Ақтөбе шағын аудандары;
Ремизовка" СТ, "Дружба" СТ, "курортное" СТ;
Ремизовка", "Сакура", "Династия" ірі тұрғын үй кешендері.
Бұған дейін бір кездері Алматы облысының аумағында болған ауданның оңтүстік бөлігі қалаға қосылған болатын. Бірақ сумен жабдықтаудың шешілмеген түйткілдері әлі де бар.
Шағын аудан тұрғындарының шыдамын тауысқан, соңғы бірнеше күндегі оқиғалар болды: 17 мамырда жеткізушінің жеке меншігіндегі сумен жабдықтау құбыры бұзылды. Төтенше жағдай 18 мамырда жойылды, бірақ сол күні сорғы станциясының жұмысы істен шықты. 19 мамырда сорғы қалпына келтірілді, бірақ оның қуаттылығының төмендігіне байланысты қалыпты сумен жабдықтау мүмкін болмаған.
Қала әкімдігінің араласуынан кейін жеткізуші компанияның басшылығы сорғыны ауыстырып, 21 мамырда тұтынушылардың бір бөлігін сумен жабдықтауды қалпына келтірді.
Тұрғындардың ауқымды наразылығы әсерінен аудан әкімдігі барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Меншік иесі адамдарға бір айдан астам уақыт бойы сусыз қалған "Алма" коттедж қалашығына бүгіннен бастап су беру қайта басталады деп уәде берді.
Бізде су бірнеше күндеп жоқ болады. Көбіне су беру желілерінде апат орын алғандықтан. Неліктен біз шоттарды дұрыс төлейміз, бірақ қызметтерді дұрыс ала аламыз? Қазір де су жоқ! Біз олардың уәделерінен шаршадық", - деді "Алма" коттедж қалашығының тұрғындарының бірі.
Тұрғындарды тыңдауға Бостандық ауданының басшысы Санжар Алин келді. Ол меншік иесінен өз міндеттемелерін сапалы орындауды талап етті.
Тұтынушылар нақты төленген қызметтер үшін су, кәріз жүйелерін пайдалана алмайды. Оқыс апаттар ұзақ уақыт бойы қалпына келтіріледі. Сіз қазба жұмыстарын келісімсіз жүргізесіз және суды өшіру туралы пайдаланушыларды алдын ала хабардар етпейсіз", - деді аудан әкімі.
Сондай - ақ, кездесуде компания тұтынушылардан суды пайдаланғаны үшін қомақты қаражат алатыны айтылды. Мұнда сумен жабдықтауға арналған тариф жалпықалалық тарифтен 75% - ға жоғары, ал кәріз қызметтері екі есе қымбат төленеді.
Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Әсел Буденееваның айтуынша, "Водснаб" ГПВ" ЖШС Ерменсай шағын ауданының тұрғындарын сумен жабдықтаудағы мәселелерге кінәлі. Тариф заңсыз белгіленді, ал жауапкершілікті болдырмау үшін компания бірнеше рет аумақтық түрде қайта тіркелді: алдымен Алматыдан облысқа, кейінірек Астанаға.
Алматы қаласы бойынша сіз тізімде жоқсыз, біз сізді бірнеше рет тексердік. Бүгінгі күнге дейін уәкілетті орган бекітпеген негізсіз тариф бойынша жұмыс істеудесіз. Сіз елордалық тарифті қойғансыз, ол іс жүзінде заңсыз болып саналады. Ешқашан тарифті өзгертуге өтініш бермегенсіз де, мен мұның бәрін кездесу алдында зерттеп келдім".
Водснаб" ГПВ" ЖШС желілерінің иесі Әбілфас Хамидов жағдайды құбырдың диаметрі жоғарғы шағын аудандарға су берудің үлкен қысымы үшін жеткіліксіз екендігімен түсіндірді, ал бірыңғай қалалық тариф компанияның шығындарын өтемейтінін айтты. Бұл тұрғыда жеткізушіге өзінің дәрменсіздігін мойындау және желілерді қала балансына беру туралы шешім қабылдау ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2024, 17:44 51951
Атырау маңында тереңдігі 10 метр шұңқыр пайда болды
Достарға айту
Атырау қаласынан 18 шақырым қашықта тереңдігі 10 метр шұңқыр табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашевтың айтуынша, терең шұңқыр Қызылжар зираты маңынан анықталған.
Шұңқырдың ұзындығы - 20 метр. Тереңдігі - 10 метр. Қазір шұңқырдың айналасына белгі орнатылып, қауіпсіздік іс-шарасы жүргізілді. Шұңқыр анықталған аумақ Атырау қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл аумақта „Первомайский" ЖШС-нің шаруашылығы бар. Бірақ қазір шұңқырға жақын маңда төрт түлік мал жоқ", -деді Сейілбек Зұлхашев.
Әзірге терең ойықтың неден болғаны туралы дерек айтылмады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.05.2024, 13:06Үкімет ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелер салу және жаңғырту үшін шамамен 40 млрд теңге бөлді 29.05.2024, 13:50 5746Адам өлтіргені үшін күдікті Ресейден экстрадицияланды29.05.2024, 13:59 5556Қазақстан мен Өзбекстан арасында зиярат туризмі қарқынды дамып келеді29.05.2024, 14:07 5361Алакөладегі үш арал туристер үшін жабылады29.05.2024, 12:55 3236Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясы нарығының құрылымынан шығарылады
23.05.2024, 12:53 116016Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді23.05.2024, 12:26 111836АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр23.05.2024, 16:48 110781Білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстардың орындалуы үкіметтің назарында24.05.2024, 20:23 88601"E-Petition.kz" ресми порталында жарияланған қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналды24.05.2024, 20:17 88411Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды
02.05.2024, 16:37 124671Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 16:34 120971Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 12:14 120731Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:49 118161Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 117956"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады