29.04.2024, 16:49 35126
Автомобиль жолдарының сапасын бақылау бойынша "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылды
Достарға айту
29 сәуір ҚР Көлік министрлігі мен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бастамасымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеру бойынша кең ауқымды "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл жоба қоғамның еліміздегі жол нысандарының сапасын арттыруға белсенді қатысуға бағытталған.
Жобаның мақсаты - Қазақстанның әрбір азаматын салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға шақыру. Көлік министрлігі өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етеді. Жобаға қатысу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек.
Тіркеу кезінде аты-жөнін, байланыс нөмірін, сондай-ақ тұратын елді мекен мен облысты көрсету қажет. Нысандарды аралау кестесімен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ www.qaj.kz ресми сайтында танысуға болады. "Халықтық бақылау" жобасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын барлық жол қозғалысына қатысушы үшін қауіпсіз әрі сапалы етуге арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.05.2024, 11:47 5071
Қазақстандағы су тасқыны: 61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Петропавл қаласының Заречный кенті мен Подгора шағын ауданында қуатты су сору техникасын пайдалана отырып, 41 жеке тұрғын үй мен 83 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 193 800 текше метр су сорылды.
Өткен тәулікте Атырау облысының Құлсары қаласында 55 722 текше метр су сорылды, 22 670 қапшық және 380 инертті материал төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг, Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының айналасында үйінді бөгет салу жұмыстары аяқталды. Елтай, Көктоғай, Есбол, Өрлік ауылдық округтерінен Индер ауданының орталығына қатынайтын тас жолды су басып кетуіне байланысты, құтқарушылар аудан тұрғындарын қайық арқылы тасымалдауда. Кезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындарды тасымалдау тәулік бойы жүзеге асырылатын болады.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 5 320 қапшық пен 564 тонна инертті материал төселді.
Республика бойынша 61 151 адам өз үйлеріне оралды. 5 360 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 21,1 млн еріген қар суы сорлып, 11 270 жеке тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 7,9 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 893 адам, 948 техника, 344 су сору құралы және 66 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:39 5306
Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев делегация басшыларына ілтипат білдіре отырып, Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының алғашқы кездесуі сыртқы және ішкі сын-қатерлер мен қауіптің алдын алу үшін күш-жігер біріктіретін, сондай-ақ оған қарсы тұруға қажетті шараларды әзірлейтін тиімді алаңға айналуы керек екенін атап өтті.
Аймақтық ынтымақтастық барлық бағыт бойынша қарқынды дамуда. Осы тұрғыдан алғанда, бұл - өте маңызды әрі оң үрдіс. Мемлекетаралық саяси диалог та мүлде жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Өңір елдері арасындағы өзара сауда-экономикалық ықпалдастық белсенді түрде кеңеюде. Соңғы бес жылда өңірішілік сауда-саттық көрсеткіші 80 пайыздан астам артып, 10 миллиард доллардан асқан. Бұл ретте елдер арасындағы экспорттық-импорттық операцияларды жоспарлы түрде ұлғайту, тауарлардың номенклатурасын көбейту мәселелері шешіліп жатыр. Бизнес арасындағы байланыс күшейіп, бірлескен кәсіпорындардың саны арта түсті. Аймақтық ірі жобалар бәрімізге айтарлықтай пайда әкеліп қана қоймай, Орталық Азия экономикасының бүкіл құрылымын да өзгертеді. Көлік-логистика әлеуетінің еселенуі өңірдің қарқынды дамуы үшін берік негіз болады. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстар жанданып, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қатынастардың одан әрі нығая түсуіне ықпал етеді", - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пікірінше, бұл процестер өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы нәтижелі диалогпен дәйектелуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи сын-қатерлердің көбі трансшекаралық сипатқа ие екенін айтты. Сондықтан оларға қарсы тұру үшін күш-жігер біріктіру қажет.
Бұл жерде, ең әуелі, халықаралық экстремизм мен терроризмге, есірткі тасымалына, қару-жарақ саудасына қарсы күрес туралы сөз болып отыр. Осы орайда Ауғанстанға баса мән беруіміз керек. Бұл елде күрделі әрі түрлі бағыттағы процестер жүріп жатыр. Онда белгілі бір деңгейде тұрақтану, экономикалық жағдайдың жандану белгілері бар екенін мойындау қажет. Екінші жағынан, халықаралық террористік ұйымдардың белсенділігіне байланысты қауіп-қатердің жоғары деңгейі сақталып отыр. Бұған Мәскеу облысында жұртты қанға бөктірген лаңкестік әрекет дәлел бола алады. Біздің ойымызша, Ауғанстанды өңірлік байланыстарға белсенді тарту - дәл қазіргі кездегі стратегиялық міндеттердің бірі. Мұнда көп нәрсе біздің елдеріміздің үйлесімді ұстанымына байланысты. Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталығын ашу өзекті мәселе деп санаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі басқосу Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуіне дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Аталған жиын 9 тамызда Астанада өтеді. Сондай-ақ Қазақстан ұйымның биылғы төрағасы ретінде алдағы саммиттің әлеуетін нығайту үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Біз Аймақтық кооперацияны дамыту жөніндегі "Орталық Азия - 2040" стратегиясын әзірледік. Өңірлік тығыз қарым-қатынастың басымдықтары, ең алдымен, бесжақты ықпалдастықты кеңейтуге және Орталық Азияның халықаралық субъектілігін нығайтуға бағытталған. Бұл құжатты Астанадағы саммит барысында қабылдаудың өңір үшін концептуалды мәні зор болатынына сенімдімін. Елдеріміз арасындағы қатынастардың ерекше сипаты Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартта бекітілген. Бұл құжат стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтереді. Осы тарихи шартқа қол қою рәсімінің аяқталуы және оның күшіне енуі Астанадағы саммиттің басты нәтижесінің бірі болар еді деп санаймын. Біздің бесжақты форматты институционалдық тұрғыда одан әрі жетілдіру өзекті болып қала береді", - деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев достық, тату көршілік және одақтастық рухындағы өңірлік ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, ынтымақтастық тек өңір ішінде ғана шектеліп қалмайды.
Шетелдік серіктестермен жан-жақты байланыстар жоспарлы түрде нығайып келеді. Өздеріңізге мәлім, әлемдік ойыншылар "Орталық Азия +" форматындағы белсенді ықпалдастыққа зор қызығушылық білдіріп отыр. Былтыр өткізілген кездесулердің (Орталық Азия - Еуропа Одағы, Орталық Азия - ҚХР, Орталық Азия - АҚШ, Орталық Азия - Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі, Орталық Азия - Германия) қорытындылары - соның айқын дәлелі", - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті жиынға қатысушыларды аймақтағы елдерді бір-біріне қарсы қоюға және оларды араздастыруға тырысушы бөгде күштерге бірлесіп қарсы тұруға шақырды.
Біз мұндай тәсілдер мен әрекеттерге ашық қарсымыз. Бұған күмән болмасын. Жалпы, біздің елдеріміз арасында өзара оңтайлы шешім таба алмайтын мәселе жоқ және болмауға тиіс. Тек ортақ іс-қимыл синергиясы мен өзара қолдау бауырлас халықтарымыздың өркендеуіне жол ашатынына сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы су тасқыны кезінде бауырлас халықтардың тілеулестік танытып, көрсеткен көмегі үшін сіздердің елдеріңізге шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз және оны шынайы достықтың, тату көршіліктің және өзара қолдаудың айқын дәлелі ретінде қарастырамыз", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кездесудің қорытындысы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Біз ахуалдың ынтымақтастықты дамыту және өзара сенім бағытына қарай түбегейлі өзгергенін ерекше атап өтеміз. Осыдан 10 жыл бұрын Орталық Азия өңірінде мұндай жағдай болған жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Экономикалық ведомстволарды басқаратын тұлғалардан бөлек, қазір мемлекеттер басшылары, үкіметтер мен күштік құрылымдардың жетекшілері, қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл Орталық Азия аймағындағы жағдайдың орнықты даму бағытына түскенін көрсетеді", - деді Қазақстан Президенті.
Жиынға Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Марат Иманкулов, Тәжікстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода, Өзбекстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Виктор Махмудов және Түрікменстанның Қазақстандағы елшілігінің әскери атташесі Аннамырат Ягмыров қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:30 5881
Ақтөбе облысында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2024 жылдың 16 мамырында сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды ҚР Терроризмге қарсы күрес орталығының баспасөз қызметінен.
Іс-шараның мақсаты Мұғалжар ауданындық терроризмге қарсы жедел штабының күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет етуін пысықтау мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын оқу-жаттығуға жұмылдырылатын мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға, өткізілетін жұмыстарға түсіністікпен қарап, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Жалған және сенімсіз ақпаратты таратқан үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:06 6456
Ресейден келген тасқын су Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Айта кетейік, бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тасқын суын көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті "Қазсушар" филиалының мамандары жүргізуде. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болып табылады.
Батыс Қазақстан облысындағы судың негізгі көзі - Жайық өзені. Аталған өзен арқылы келген тасқын суы су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде жиналады.
Сонымен қатар, "Қазсушар" мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай - ақ, Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр", - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:01 6801
Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлім етті
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2024, 17:51 28916
Үкіметте Көкшетауда қазандықтарды жаңғыртуға бөлінген 816 млн теңгені игеру бойынша жұмыс жоспарлары тыңдалды
Достарға айту
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында жылыту маусымына дайындық жоспарымен және инженерлік құрылыстардың, атап айтқанда, Көкшетау қаласының №2 аудандық қазандығының жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-Министрге Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса энергетика кешені инфрақұрылымының жағдайы туралы баяндады. Қазіргі таңда қаладағы жылу желілерінің тозу деңгейі 43%-ды құрайды. Жылыту маусымына дайындық аясында 6 км коммуникацияны жөндеу жоспарланған, бұл жыл қорытындысы бойынша көрсеткішті 41%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Қаланы "Көкшетау Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жылумен қамтамасыз етіп отыр. Ұйым балансында 4 қазандық бар.
Биыл Үкімет қаулысына сәйкес, екі жылу көзін - №1 және №2 аудандық қазандықтарды жөндеуге резервтен 816 млн теңге бөлінді. Жазғы уақытта нысандарда қазандық агрегаттарының, конвективтік бөлік пакеттерінің, қыздыру беттерінің және шикі көмір бункерлерінің ақауларын жою жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Олжас Бектенов №2 қазандықтың жағдайын тексерді. Нысан 1998 жылы пайдалануға берілген, қазіргі уақытта 56 мың абонентті жылумен қамтамасыз етіп отыр. Қазандықтың өндірістік шекті қуаты сағатына 300 Гкал-ға жетеді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу апаттық жағдайды азайтуға және жылыту маусымында халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осыған дейін атап өткенімдей, қыстың көзі қырауда қиындықты болдырмау үшін жаз айларында барлық күш-жігерді жұмсау керек. Мемлекет басшысы коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сапалы әрі үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Қаражат бөлінді. Жүктелген жұмысқа барынша жауапкершілікпен қарау керек. Біз өткен тәжірибені ескеріп, жіберілген қателіктерден сабақ алып, ерте бастан белсенді әрекет етуіміз керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бүгінде Көкшетауда қаланың жылу және электр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ЖЭО салу жобасы пысықталып жатыр. Оның жылу қуаты сағатына 520 Гкал, электр қуаты 240 МВт-ты құрайтын болады деп жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2024, 17:46 29166
Шығыс Қазақстанда сел жүруі мүмкін қауіпті кезең басталды
Достарға айту
15 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда сел қауіпті кезең басталды. Өңірде Катонқарағай және Зайсан аудандарында, Риддер қаласында және Алтай ауданында орналасқан барлығы 13 сел қауіпті ошақтар бар. Жоғарыда аталған аудандардағы тауларындың басында 11 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл қалыптасады. Мамандар жыл сайын қауіпсіздік мақсатында көлдер мұздан әлі ашылмаған сәттен бастап және сел қаупі бар жағдайды бақылау үшін олардың мұздан толық ашылуына дейін тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметінен.
Облыста сырғыма қаупі бар 9 учаске бар. Бұлар негізінен автожолдардағы, өзен бассейндеріндегі таулардың жағалық беткейлері мен құлдилары: Риддер қаласы -Громотуха, Уба; Алтай ауданы - Бұқтырма, Хамир,Черновая ; Катонқарағай ауданы -Бұқтырма; Зайсан ауданы - Кендірлік.
Сел және сырғыма қаупі бар кезеңнің қауіпсіз өтуіне әзірлік мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті "Қазселденқорғау" ММ-нің Шығыс Қазақстан аумақтық пайдалану басқармасы филиалымен бірлесіп, сел және сырғыма қаупі бар учаскелерде облыс халықы мен инфрақұрылымының қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындады. Өзен арналары және сел, сырғыма қауіпті учаскелері бойынша жоспарлы жерүсті және аэровизуалды зерттеу кестесі әзірленді. Мореналық көлдерде батиметриялық жұмыстар жоспарланған. Сел қаупі бар учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқандары және сырғыма қауіпті учаскелерде 18 қалқан орнатылды, көшкін сел және сырғыма қаупі бар аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, объектілері мен құрылыстары ықтимал сел қаупі бар учаскелерде орналасқан кәсіпорын басшыларына, жеке үй иелеріне хабарламалар-ұсынымдар берілді.
Сел, сырғыма жағдайына мониторинг жүргізу үшін 9 маусымдық гидропост және 1 жыл бойғы гидропост жұмыс істейді.
ШҚО ТЖД және ШҚ "Қазселденқорғау" филиалы сел тасқынынан қатерден құтылу арқылы ғана құтылуға болатынын еске салады. Қауіпсіздік мақсатында сел қаупі бар кезеңде тауларға барудан бас тартқан жөн.
Тұрғындарға аймағыңыздағы сырғыма қауіпі ықтимал орындары мен олардың шамамен шекараларын білуі керек.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2024, 12:33 36206
АӨК-тегі шаруашылықтар бойынша есепке алу деректері қысқа мерзім ішінде жаңартылады
Достарға айту
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте шаруашылықтар бойынша есепке алудың электронды жүйесінде деректерді жаңарту жөніндегі жұмыстың аралық қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мал мен құс басы бойынша ақпаратты алдын ала талдау нәтижесі деректерге рақымшылық жасау бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігінің төмен екенін көрсетті.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров кейбір өңірлерде деректерді бұрмалау фактілері бар екенін атап өтті. Жуырда ғана ветеринарлық инспекторлар екі облыстың жекелеген ауылдарын аралап, электронды жүйедегі ақпараттың нақты мал санынан 30-70% айырмашылығын анықтады.
Кеңесте Ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев сөз сөйледі. Палатаның мәліметінше, елімізде 2,2-2,5 млн-ға жуық литр сүт өндіріледі, ал ресми статистика бойынша 2023 жылы сүт сауымы 6,3 млн тоннаны құрады.
Шаруашылықтар бойынша есепке алу деректерін сапалы түрде өзектендіру қажет. Бұл мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы бойынша статистиканы қалыптастырудың негізгі ақпарат көзі. Оларсыз ауыл шаруашылығын тиімді жоспарлап, дамыту мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы министрлігіне әр өңірмен және аудан әкімдерімен шаруашылықтар бойынша есепке алу деректерін дұрыс толтыру мәселесін пысықтауды, ал әкімдіктерге деректерді электронды есепке алу жүйелерінде қысқа мерзім ішінде өзектендіруді тапсырамын", - деп мәлімдеді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
16.05.2024, 11:01Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлім етті 16.05.2024, 11:06 5626Ресейден келген тасқын су Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді16.05.2024, 11:30 5051Ақтөбе облысында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі16.05.2024, 11:39 4476Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады16.05.2024, 11:47 4241Қазақстандағы су тасқыны: 61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды
10.05.2024, 13:16 98951Ағымдағы жылы елімізде 1,5 млн га жерге егін егілді10.05.2024, 13:14 98881Жаңадан тағайындалған Цифрлық даму министрі ант берді10.05.2024, 13:12 98681Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталуға жақын10.05.2024, 13:05 98466Қазақстанда 2025 жылы әлеуметтік қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар өзгереді10.05.2024, 13:02 93141Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды
24.04.2024, 18:17 157261Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 155556Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 152541Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 149691ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды22.04.2024, 16:42 131986Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады