05.04.2023, 18:10 55356
Қазақстанда жылу энергетикасы саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге ниетті
Сурет: Deposiphotos
Достарға айту
"Жылу энергетикасы туралы" заңның негізгі аспектісі жаңа құрал - жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспарын енгізу болып табылады
Астана. 5 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілмек. Бұл туралы Мәжілісте "Жылу энергетикасы туралы" жаңа заң жобасын таныстырған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
Дамуды жоспарлау тетіктерін жетілдіру, өндірістік процестің барлық кезеңдерінде энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру, қолданыстағы құқықтық олқылықтарды жабу үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз ету және жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту есебінен саланы реформалауды жүзеге асыру жоспарлануда", - деді министр.
Оның атап өтуінше, заң жобасында барлық саланы мониторингілеу және бақылау жөніндегі нормалар көзделген. Бұл одан әрі дамыту үшін қажетті іс-шараларды әзірлеу мақсатында сала туралы толық ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану жөніндегі барлық қажетті техникалық нормалар мен стандарттарды, тұтыну нормаларын, жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын отынның сапасын коммерциялық есепке алу қағидаларын әзірлеу қамтамасыз етіледі", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Естеріңізге сала кетейік, президент электр энергетикасы мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді жедел қабылдауды тапсырған болатын.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.05.2024, 16:48 3496
Білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстардың орындалуы үкіметтің назарында
Достарға айту
Тамара Дүйсенова білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстарды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Білім беру нысандарының қауіпсіздігі мәселелері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Бүгінде білім беру нысандары маңындағы жол қауіпсіздігі инфрақұрылымын жақсартуға байланысты өңірлерде тиісті Жол карталары бекітілген. Оның аясында мектептер, балабақшалар, қосымша білім беру ұйымдары маңында бағдаршамдар, жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілер тротуарларын жасау секілді бірқатар шаралар қамтылған.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың келтірген мәліметінше, 13 мыңнан аса жалпы білім беру мекемелерінің (65%) маңында барлық тиісті талаптар сақталған. Көрсеткішті жақсарту үшін биыл және келесі жылы 28 мыңнан астам шараларды қолға алу жоспарланып отыр. Биыл әзірге 570 нысанның айналасында тиісті жұмыстар аяқталды.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жол қауіпсіздігі инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған шаралармен қамтылған нысандар саны 10-ға да жетпейді", - деді Игорь Лепеха.
Қабылданып жатқан шаралар туралы облыс әкімдерінің орынбасарлары да баяндады.
Бекітілген жол картасында көрсетілген мерзімдердің сақталуына баса мән берген жөн. Жаз мезгілі тез өте шығады. Сондықтан тиісті жұмыстарды атқаруға жайлы мерзімді барынша тиімді қолдану керек", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Кеңесте сондай-ақ білім беру нысандарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қатысты да сөз қозғалды. Оқу-ағарту министрлігі биыл тиісті ережеге өзгерістер енгізген болатын. Оған сәйкес, контингенті 100 адамнан асатын барлық білім беру мекемелерінде бейнебақылау камералары жедел басқару орталықтары немесе аудандық полиция бөлімдеріне қосылып, дабыл батырмалары орнатылуы керек. Бұған дейін талап тек қалалар мен аудан орталықтарына тиесілі болатын.
Ал 700-ден аса адам қабылдайтын мекемелерде турникеттер орнатылып, күзет қызметтерімен келісімі болуы шарт.
Осыған сәйкес, әр өңір қауіпсіздік жүйелерімен қамту туралы жұмыс жоспары бекітуде. Жоспар әзірге Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Абай, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ғана қабылданған.
Жиын барысында жақында Павлодар облысындағы мектепте болған жағдай да сөз болды. Оқу-ағарту министрлігінің инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департаменті директорының міндетін атқарушы Марлен Қасеновтың сөзінше, заң жүзінде білім беру мекемелеріне кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімі бекітілген, өңірлер аталған тізімге сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқу-ағарту, ішкі істер министрліктері әкімдіктермен бірге бейнебақылау камераларын, дабыл батырмаларын, турникеттерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет. Балаларға қауіпсіз орта қалыптастыруда барлық мүмкіндікті пайдалану керекпіз", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Вице-Премьер сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдарға білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдау жағын қарастыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2024, 12:53 9001
Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Достарға айту
Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне 351 мыңнан астам дозасы мөлшерінде вакцина сатып алу үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 9,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылады.
Адам папилломасы вирусынан туындаған жатыр мойны обыры (ЖМО) - әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі, ол анықталған барлық жағдайдың құрылымында 13,1%-ға дейін кездеседі. Жыл сайын одан 300 мыңға жуық әйел көз жұмады. Қазақстанда ЖМО барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің басқа түрлері ішінде таралуы бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.
АПВ-на қарсы және ЖМО дамуымен күресудің жалғыз әдісі - вакцинация. ҚР Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және ДДҰ ұсынымын ескере отырып, АПВ-ға қарсы екпе салу 11 жастағы қыздарға 6 ай аралық мерзіммен екі рет жүргізілетін болады. Бұл ретте Қазақстанда АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайтын төрт валентті вакцина қолданылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2024, 12:26 9681
АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр
Достарға айту
2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжанып отыр, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
Қазақстанда шегірткенің 270-тен астам түрі мекендейді, оның ішінде 10-15 түрі өте қауіпті болып табылады. Шегірткелердің ең қауіптісі - азиялық, мароккалық және итальяндық прус.
2024 жылы 2,5 млн га алаңда үйірлі шегіртке зиянкестерінің таралуы болжануда, оның ішінде азиялық шегіртке - 186 мың га және Марокко шегірткесі - 281 мың га таралады деп күтілуде. Бұл ретте зиянкестер ең көп таралған облыстар: Ақтөбе - 784 мың га, Қостанай - 776 мың га және Түркістан - 271 мың га", - деді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. Дархан Әбдікәрімов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2024, 12:11 10036
Республикалық жолдарда жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу енгізілді
Достарға айту
Республикалық жолдарда жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ІІ және ІІІ техникалық санаттағы жол учаскелерінде жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу шешімі қабылданды. Аталған жолдардағы жылдамдықты арттыру туралы ақпарат тиісті шараларды қабылдау үшін құзырлы органдарға жіберілетін болады.
Келесі жол учаскелерінде жүргізушілерді бекітілген жылдамдықты сақтауды сұраймыз:
🔹 Павлодар-Семей-Қалбатау автожолының Павлодар облысына қарасты учаскесінде (Долгое-Аққулы) - 100 км/сағ.;
🔹 Павлодар-Семей-Қалбатау автожолының Абай облысына қарасты учаскесінде (Шарбақты-Семеновка - Қалбатау) - 110 км/сағ.;
🔹 Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратов) автожолының Батыс Қазақстан облысына қарасты учаскесінде (Болашақ-Достық) - 100 км/сағ.;
🔹 Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Павлодар облысына қарасты учаскесінде (Мичурино) - 110 км/сағ, дәл осы жолда Қызытаңнан Өрлітөбеге дейін - 100 км/сағ.;
🔹 Бейнеу-Ақжігіт автожолының Маңғыстау облысына қарасты учаскесінде (Тажен) - 100 км/сағ.;
🔹 Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самара) автожолының Батыс Қазақстан облысына қарасты учаскесінде (Чапов-Погодаево) - 100 км/сағ.
Жылдамдық режимін сақтау арқылы жол апатын алдын алып, барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтайсыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2024, 17:27 30486
Ақмола облысында бизнес үшін электр энергиясына тариф төмендетілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
АӨЭК-Энергосбыт" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті ҚҚС-сыз 1 кВт/сағатына 42,523 теңгеден 40,560 теңгеге дейін яғни 4,6%-ға төмендегені туралы хабарлама берді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.
Бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілгенін естеріңізге сала кетейік.
Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге ("АӨЭК -Энергосбыт" ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.
Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Ақмола облысының заңды тұлғаларының "АӨЭК-Энергосбыт" ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2024, 17:07 31691
Қазақстандағы жылыжайлар жақын арада республиканың қиярға деген сұранысын толық өтей алады
Достарға айту
Вице-премьер Серік Жұманғарин Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жылыжай шаруашылықтары иелерімен және жұмысшыларымен өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстандағы барлық жылыжайлардың 70%-дан астамы облыс аумағында орналасқан. Мамыр айының басында жылыжайда құлпынай өсірушілер ел нарығына енген импорттық және арзан тәтті жидектердің көптігі туралы мәселе көтерген болатын. Арзан импорт оларды шығынға ұшырауына ықпал етті. Тегісшіл ауылдық округінде Серік Жұманғарин фермерлердің мәселелерін тыңдау үшін жергілікті жылыжай иелерімен кездесті.
Абдураман" шаруа қожалығының басшысы Аширафи Шымбергенов жалпы ауданы 33 га ашық және жабық жерде құлпынай өсіру жобасына 300 млн теңге инвестиция салған. Оңтүстік корея технологиясы бойынша салынған жылыжайдың көлемі 5,5 га. Технологияның ерекшелігі - күн сәулесін пайдаланады және арнайы жамылғымен жылытылған, соның арқасында жылыжай дақылдарын салу және өндіру қарапайым өнеркәсіптік жылыжайларға қарағанда 3 есе арзан. Жылуды аса көп қажет етпейді. Қыс мезгілінде шығынның 70%-на дейін жылуға жұмсайтын шаруашылықтар үшін бұл өте маңызды технология.
А.Шымбергеновтің айтуынша, Қытай мен Кореяда бұл технология барлық жерде қолданылып, қызанақ, қияр және басқа да жылыжай дақылдарын өндіру құнын арзандатуда. Оны төмен температурада да қолдануға болады. Болашақта шаруа қожалығының басшысы қазақстандық құлпынай экспортын бастауды жоспарлап отыр.
Вице-премьермен кездесуде шаруа қожалығының басшысы өндірісті кеңейту үшін инвестициялық субсидия ала алмайтынын айтып, мәселе көтерді. Оны басқа жылыжайлар да қолдап, мемлекеттік қолдаудың бұл түрі олар үшін қолжетімді емес екенін атап өтті. Жылыжай шаруашылықтары қауымдастығының төрағасы Данияр Қалтаев қазіргі жылыжайлар ауа-райының қолайсыздығына төзімді екенін атап өтті.
Жылыжай өсірушілер жаңа технологияларды, стандарттарды енгізіп, өндірісті кеңейтуде. Біз қазір елімізде жылыжай шаруашылығын дамыту тұжырымдамасын бірлесіп дайындап жатырмыз. Бірақ жылдан жылға қайталанатын мәселе бар. Ол - өткізу нарығы. Өнім жинай бастағанда, баға төмендейді. Жақында біз маусымда Қазақстанның қиярға деген барлық қажеттілігін өтуге дайын боламыз. Көршілес елдерден жылыжай көкөністері мен жидектер азайса, өзіміз өсірген өнімді толық көлемде сату үшін бізге тек 2-3 ай уақыт қажет", - деді Данияр Қалтаев.
Серік Жұманғарин ұсыныстарды тыңдап, мәселелерді мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қарауға және шешім қабылдауға уәде берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2024, 15:08 33471
Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
Президент елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екендігін мәлім етті
Достарға айту
Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Вьетнам Президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.
Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүлденіп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын", - деп жазылған жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2024, 12:54 36586
Қылмыстық кодекстен қоғамға қауіп төндірмейтін экономикалық құқық бұзушылықтар туралы баптар алынып тасталады
Достарға айту
Қылмыстық кодекстен қоғамға қауіп төндірмейтін экономикалық құқық бұзушылықтар туралы баптар алынып тасталады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.
Мәжіліс экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулерді депутаттар Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты жолдауы мен экономиканы ырықтандыру шаралары туралы Жарлығын орындау мақсатымен әзірледі.
Қылмыстық кодекстің екі бабы толығымен қылмыссыздандырылады. Ауыр қоғамдық қауіп төндірмейтін экономикалық сипаттағы қылмыстар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылады:
1. Қылмыстық кодекстің 219-бабы - кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану.
Құқық бұзушылықтың элементтері біртекті әрі ұрлық, оның ішінде алаяқтық түрінде болғандықтан, Қылмыстық кодекстің 189 және 190-баптары бойынша қарастырылады. Бұл ретте осыған ұқсас әрекет үшін жауапкершілік ӘҚБтК 233-бабында қарастырылған.
2. Қылмыстық кодекстің 241-бабы - бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзу.
ӘҚБтК-нің 239-бабының алтыншы бөлігіне ауыстырыла ма? Ол бойынша бүгінде тек заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Түзетулерде жеке тұлғаларға арналған нормалар да енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
23.05.2024, 12:11Республикалық жолдарда жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу енгізілді 23.05.2024, 12:26 9771АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр23.05.2024, 12:53 9091Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді23.05.2024, 16:48 3586Білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстардың орындалуы үкіметтің назарында23.05.2024, 12:51 2376Қазақстан экономикасына сингапурлық инвестициялардың жалпы көлемі 1 1,7 млрд-тан асты
16.05.2024, 17:53 109256Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды16.05.2024, 16:44 108856Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады16.05.2024, 17:43 107786Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды18.05.2024, 12:47 92181Қазақстандық музейлер қорында 4 000 000 нан астам зат сақтаулы17.05.2024, 11:24 89556Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
24.04.2024, 18:17 158511Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 156811Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 153801Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады24.04.2024, 18:19 132236Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады25.04.2024, 12:37 130541Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі