30.04.2024, 16:58 58671

Елімізде ҰБТ-ға өтінімдерді қабылдау 6 мамырда басталады

Елімізде ҰБТ-ға өтінімдерді қабылдау 6 мамырда басталады
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің әр аймағында әртүрлі уақытта басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық тестлеу орталығына сілтеме жасай отырып.

Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 облыс талапкерлері үшін ҰБТ кейінірек басталады. Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін ҰБТ-ға тіркелу 6 мамырдан 20 мамырға дейін, ал тестілеу 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді", - деген ақпарат таратты Ғылым және жоғары білім министрлігі.


Қалған өңірдің талапкерлері үшін ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі - 6 мамырдан 14 мамырға дейін. Ал ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

Сондай-ақ, министрлік 2024 жылы барлық талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алатындығын хабарлап отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны